Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Абайдың төңірегінде ғылым мен өнерге құштар шәкірттер көп болған. ол туралы Қайым Мұхамметханнан асырып зерттеген кісі жоқ. Солардың бірін Ақбылек Сабал деуге болады.

90 мыңнан астам сирек кітаптар сақталған, сирек қолжазбаларға өте бай Орталық ғылыми кітапханада Ақылбек бин Сабалдың ілгерінді-кейінді баспа көрген 13 кітабы бар. Аталған кітаптар 1902-1915 жылдар арасында Қазан және Петербруг қалаларында жарық көрген. Бұл 13 кітап деген шын мәнінде құбылыс жағдай. Абай туған топырақта туып, 39 ғана жыл ғұмыр кешкен Ақылбектің тұңғыш кітабы өзінің 20 жасында баспа көрген сияқты. Жалпақ әлемнің асты аумалы-төкпелі өткен ғасырдың басында-ақ он неше кітапты ұрпаққа аманаттап кетуі – сол кездегі қазақ білімпаз жастарының өркениетті елдерден өнеге алып, ұлы талпыныстар жасағандығын аңғартса керек. Ендеше, Ақылбек бин Сабал, Сабал Ақылбек, Сабал Ақылбек бин=صبال اقلبيك, Сабал Мулла Ақылбек бин=صبال اقلبيك қатарлы бірнеше түрлі аты-жөнмен тарихта кездесетін қуатты қалам иесі кім екен? Дерекке көз жүгіртелік:

 

Ақылбек Сабалұлы, Ақылбек бин Сабал Тұрабаев (17.9.1880, бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Ақбота болысы — 4.1.1919, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бестерек мекені) — ақын. Ахмет Риза медресесінде оқыған. Араб, парсы, түрік тілдерін жетік білген. Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің қисса-хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, уақиғалы поэма-дастандар жазып байытқан. Қазан баспасынан шыққан қиссалары: “Таһир-Зүһра” (1902, 1911), (бұл поэмасы “Ғашық-наме” (1976) жинағына кірген), “Бозжігіт” (1910, 1911), “Қисса Марғұба” (1911), “Ибраһим” (1911), “Хикмет Нығымет” (1911), “Қырық уәзір” (1911, 1920), “Алтын балық” (1912), “Самруғ” (1915), “Дандан ғашық” т. б.

Қазаннан басылып шыққан төл шығармалары: “Мағшұқ наме” (1910, 1911) — жастық-махаббат жайындағы өлеңдер, “Назым” (1911), “Сұм заман” (1911), “Ғибратнама” (1911), “Сәтбек батыр” (поэма, 1911, 1915) т. б. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар. Өлең-жырларының негізгі тақырыбы: адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер-ғылым мәселелері. Ақылбек кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан қаласының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайында, Сарыой деген жерде.

Жоғарыда аты аталған кітаптардың көпшілігі Орталық ғылыми кітапханада сақталған. Сіз де таныс болыңыз!

                     

                      

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37