Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

 

2022 жыл шілде айының 1-ші жұлдызынан бастап Орталық Ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар, қожазбалар және ұлттық әдебиет бөліміне жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты бөлімдегі Сирек кітаптарға, қолжазбаларға, шығыс тіліндегі әдебиеттерге және қазақ тіліндегі әдебиеттерге, диссертациялар мен авторефераттарға тапсырыс қабылданбайды. Қалған бөлімдер күнтізбелік кесте бойынша өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Сұрақтар бойынша мына электронды почта байланыса аласыз: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Халықаралық жаһандық зерттеу академиясының, Халықаралық жаратылыстану академиясының, Халықаралық инженерлік және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Парламентінің 4 дүркін депутаты, Қазақстан Ғалымдар Одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕНГЕ арналған жинақ жарыққа шықты.

Биобиблиографияға ғалымның өмірі мен еңбегін сипаттайтын мәліметтер, оның ғылыми еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгізілген.

Толығырақ...

"Орталық ғылыми кітапхананың  Ғылыми басылымдары" атты мақала

Әли Еркежан, Сирек кітаптар қолжазбалар  және ұлттық әдебиет бөлімі

Мақаланы оқу үшін сілтемені басыңыз--> СІЛТЕМЕ

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 наурыз күні Ақжан Әл-Машанидің 115-жылдық мерейтойына арналған, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрылғанына 75 жыл толу құрметіне арналған, осы академияның іргетасын қалаушылардың бірі, корреспондент-мүшесі, Қазақстанның ғылым қайраткері Ақжан Жақсыбекұлының әл-Машанидің «Табиғат - матбуғат» кітабының тұсау кесер мерекесіне шақырамыз.

Толығырақ...

2022 жылдың 15 наурыз айында «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері үшін «Су ресурстары: Ұлттық әл-ауқат қоры қорларындағы ғылыми-білім беру ресурстары» атты Ақпарат күнін өткізді. Іс-шараға 24 студент қатысты.

Іс-шараға қатысушылар кітапхана тарихымен танысып, оқу залдарын аралады. Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Абдуллаева реферативтік журналдар қорымен, кітапхана шығарған табиғи және су ресурстары бойынша библиографиялық басылымдармен таныстырды. Абонементте студенттер кітапхананы пайдалану ережелері, электронды және дәстүрлі каталогтар бойынша әдебиеттерді іздеу туралы білді. Мерзімді басылымдардың оқу залындағы ғылыми басылымдар студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Бас кітапханашы Мұсабекова Л. мерзімді басылымдар қоры туралы ақпарат беріп, жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары, Ғылым академиялары шығаратын басылымдарға, анықтамаларға, ғылыми журналдарға шолу жасады.

Көрме барсысында, студенттерге сирек басылымдар, Қолжазбалар және Қазақ әдебиеті залында пән бейіні бойынша диссертациялардың авторефераттары, журналдар мен сирек басылымдар ұсынылды. ХХ ғасырдың басында және ортасында басылып шыққан Арал теңізі, Ақмола облысы және Қазақстанның басқа өңірлерінің гидрологиялық зерттеулері бойынша әдебиеттер оқытушылар мен білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Орталық ғылыми кітапхана университет оқытушысы Галина Агаповаға іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

  

Құрметті оқырмандар!

Жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми-білім беру процесін ақпараттық қолдау сапасын арттыру мақсатында Орталық ғылыми кітапханасы 2022 жылы 15-наурыз бен 15-сәуір аралығында «Ғылыми ақпаратқа деген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің ақпараттық қажеттіліктері» атты онлайн сауалнама жүргізетінін хабарлайды.

Сауалнамаға қатысуға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары, жас ғалым-зерттеушілер шақырылады.

Сауалнама мына сілтемеде

Сауалнама нәтижелері жалпы тұтынушылардың, ғалымдардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыздыруға бағытталып, жинақтау саясатын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Барлық сұрақтар бойынша келесі анықтамалық-ақпараттық бөлімінің Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына хабарласуға болады.

2022 жылдың 24 ақпанында ҚР БҒМ ҒК М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, белгілі музыкатанушы Сара Әділгерейқызы Күзембайдың туғанына 85 жыл толуына орай "Әсемдікті әлпештеу мәңгілік рухани құндылық" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Осы атаулы іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері және редакциясымен шыққан ғылыми кітаптар қойылды.

   

2022 жыл ақпан айының 21 және 25 аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Құжаттардың реставрациясы және консервациясы» атты біліктілікті арттыру мақсатында тәжірибелік күрсы өтіп жатыр.

РМК «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының қызметкері Жұрманова Құралай Таңатарқызы өз біліктілігін арттыруда.

5 күнге жоспарланған біліктілікті арттыру курсында «Реставрацияда қолданылатын құралдар мен материалдар», «Құжаттарды тұрақтандыру», «Дәстүрлі реставрация», «Тігіс тәсілдері мен түптеу негіздері», «Реставрациядан кейін құжаттарды толтыру» тақырыптарында дәрістер жүргізіледі.

   

Ғұлама ғалым өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін рим цифрымен нөмірлеп, бір парақ ақ қағазға жазып кеткен екен.

Ауыл мектебінде молдадан оқыған 7 жыл мерзімді қамтиды. Онда осы жылдарда алған білімі мен оқыған кітаптары туралы мынадай деректер келтірілген. Оны өзі араб санымен белгілеген екен:

✔️Араб әріптерінің қыр-сырын, мән-мағынасын түсініп, жақсы біліп алған.
️Құран Кәрімді түпнұсқадан оқи алатын дәрежеге жеткен.
✔️Араб-парсы тілдерінен хабардар болған.
Шағатай тілін жақсы меңгерген.

Осы орайда,  "Ғылым Ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы қорынан 1959 жылы жарық көрген «Сөздің мағыналық сипаты хақында», 1959-1961 жылы басылған Түркітану тарихындағы тұңғыш сөздік – екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» кітапхана қорынан ала аласыздар.

   

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40