Menu

21 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласына іс-сапары барысында «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында сонау ғасырлар қойнауынан сақталып келе жатқан, тарихы терең, сирек кітаптар көрмесін көріп өзінің оң бағасын берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекте көрменің таныстырылуында болды.

   

 

ҚР БҒМ М.О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер институты және "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы әдебиет тарихын зерттеуші, фольклортанушы, текстолог - маман, филология ғылымдарының кандидаты Мәлике Ғұмарованың туғанына 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел қонақтары Мәлике Ғұмаровамен бірге жұмыс істеген қолжазбатанушы ғалым Мақсұт Шафиғи мен Жұмат Тілепов өздерінің ыстық естеліктерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында Орал қаласындағы университетпен онлайн-байланыс арқылы баяндамалар тындалды. Мəлике Ғұмарқызы Ғұмарованың туғанына 100 жыл толуына орай ғалымның еңбектерінен кітап көрмесі қойылды. Көрмемен Орталық ғылыми кітапхананың «Сирек кітаптар, қолжазбалар жəне ұлттық əдебиеті» бөлімінің оқырмандар залынан 29 желтоқсанға дейін таныса аласыздар.

Мəлике Ғұмарқызы Ғұмарова (1918, Орал облысы, Орда қаласы - 1994, Алматы) - фольклортанушы, текстолог ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1953). 1943-1987 жылдары Қаз. ССР ҒА-ның Тіл жəне əдебиет институтының Текстология, қолжазба бөліміне жұмыс істеген. Жамбыл шығармаларын жинаған, Көрұғлы, Қамбарт.б. батырлық жырын құрастырған. "Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасына" батырлық, ғашықтық жырларға сипаттама жазды. "Қамбар батыр", "Қызжібек" жырларының ғылыми басылымын дайындады. Халық ақындарының өлеңдерімен айтыстарын жинады. Ғылым Ордасы ОҒК жəне ƏӨИ Қолжазба қорларындағы сирек қолжазбаларды жүйеледі

 

            

                      

 

 

Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты Елісхан Әліпұлының 110 жылдығына орай «Азаттық аңсаған қазақ көші және ел бастаған Елісхан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Атаулы іс-шараға «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме Н.Ә. Назарбаевтың "Көші-қон және қазақ әлемі" атты еңбегімен, елімізде өткен Ұлттың Ұлы жиыны аталған Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайы туралы мәліметтерден басталып, атажұртқа жеткен қазақ көші туралы, Халифа Алтайдың "Атажұрттан Анадолыға дейін", "Естеліктерім", "Алтайдан ауған ел", Жәди Шәкенұлының "Қаралы көш", "Ел бастаған Елісхан", Зардыхан Қинаятұлының "Моңғолиядағы қазақтар", "Жылаған жылдар шежіресі", Хасан Оралтайдың "Елімай-лап өткен өмір", Досан Баймолданың "Қазақ көші" және қытайдағы, моңғолиядағы, европадағы қазақтар туралы жазылған көптеген еңбектер қойылды.

 

                  

Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің бастығы

Абикова Гүлшат Мәсәлімқызының "Халық арнасына" берген сұхбаты

Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен "Рухани жаңғару" жобасы аясында "Құрақ көрпе" акциясы өтуде. Бұл іс шараның мақсаты- ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді жалғастыру, қазақ халқының қолөнерін насихаттау, сонымен қатар Гиннес рекордтар кітабына ену болып табылады.

Әлемдегі ең ұзын құрақ көрпе тігуге "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы да үлесін қосты.

               

1-маусым күні Орталық ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау мерекесі аталып өтті. Мерекелік бағдарлама аясында балалар кітапханаға экскурсия жасап, «Ғылым ордасы» РМК "Археология", "Табиғат" мұражайларын аралады және "Фердинанд" мультфильмін тамашалады. Сонымен қатар, бүлдіршіндер Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған "Астана- жас қала" тақырыбындағы сурет салу байқауына қатысты. Балаларға естелік сыйлықтар берілді.

 

 

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015-2017 жж. гранттық жобасымен шығарылған «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ – 1915 ЖЫЛ» жинағының тұсау кесер рәсімі және «Қазақ» газетінің 105 жылдығына орай «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ ҰЛТТЫҚ РУХ ҮНІ» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға еліміздің ғалымдары мен зерттеушілері қатысып, өз пікірлерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді. ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы ісшараны ашып, жаңа басылымның тұсаукесер рәсімі өтті. Одан соң кітап авторы ҚазҰАУ-дың профессоры, т.ғ.д. Светлана Одепқызы Смағұлованың «Ұлт шамшырағы – «Қазақ» газеті» атты баяндамасы тыңдалды.

Аталмыш шара қонақтары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигіМ.Қ. Қойгелдиев, «Арыс» қорының президенті, ф.ғ.д.Ғ.Қ.Әнес, «Ақ жол» демократиялық партиясы мүшесі Қ.Ж. Иса, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасының орынбасары, т.ғ.к. Бейбіт Қойшыбай, филол.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.д. Б.О.Жангуттин, ҚазҰАУ, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық орталығының жетекшісі ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Н.Ә.Атығаев, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. З.М. Төленова, Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Д.И.Салқынбек Орталық ғылыми кітапханада сақтаулы, Кешегі қилы кезеңде ақиқат пен әділдіктің төрешісі болған Қазақ газетінің қазіргі әріпке түсіріліп аударылу жұмыстары, зерттелуі, жарияланған мақалаларды заман талабына сай ғылыми сараптау және сандық қалыпқа түсіру мәселелерін талқыға салып, осы тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Шараның құрметті қонағы ғалым, заң ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Академигі Сұлтан Сартайұлы Сартаев жаңа басылымға байланысты пікірін білдіріп, соңында отырған жастарға батасын берді. Осы кітаптардың тұсаукесеріне арнайы қонақ болып құттықтап келген ғалымдарымызға да үлкен рақметімізді айтамыз.

 

 

 

Ахметұлы Әділет 
    Сирек қолжазба – құнды мұра// Ана тілі.-2018.-19 – 25 сәуір.-№16 (1430). -1бет
.-http://anatili.kazgazeta.kz/?p=47800#prettyPhoto

 

 

 

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасында ҚР болып жатқан ағымды жаңалықтар және Қазақстандағы ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша электрондық тақырыптық картотекалар жүргізіледі:

  • Энергетика
  • Шикізат пен өнімді терең өңдеу
  • Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
  • Өмір туралы ғылымдар
  • Мемлекеттің зияткерлік әлеуеті

Пайдаланушыларға кітапхананың www.library.kz сайтында электрондық картотекаларды қолдануға мүмкіндік жасалған.

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo