Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапханасы жөндеу жұмыстарына байланысты дүйсенбі - жұма күндері аралығында 09:00 - ден 18:00 - ге дейін жұмыс істейді.

Қайырбеков Ғ.

Таңдамалы: таңдамалы шығармалар жинағы/ Ғ.Қайырбеков. - Алматы: Алтай медиа, 2018. - 528 б. Т.2: Ел мен жер.

ISBN 978-601-06-4898-2

ISBN 978-601-06-4900-2

Үш томдық шығармалар жинағы. Екінші том.

Кітап Қазақстанның Халық жазушысы, талантты ақын Ғафу Қайырбековтің әр жылдары жарық көрген «Қарқаралы басында», «Ел мен жер» және «Атамекен» сынды публицистикалық көркем очерк жинақтары негізінде құрастырылды. Қаламгердің бұл топтамасының негізгі тақырыптары - туған жер, ауыл мен қаланың кешегі тынысы, қайта кұру кезінде болған өзгерістер, көзкөрген жандар жайлы естеліктер, түрлі сапарлардан алған әсері, қазақ әдебиеті мен өзге де халық әдебиеттерінің байланысы, азаттығымызды алған алғашқы жылдардағы негізгі мәселелер.

Саналы ғұмырын сөз өнеріне қызмет етуді арнаған ақын жүрек өмір жолындағы қызықты естеліктерді қара сөзбен кеңінен көсіле отырып, оқырманымен бөліседі. Табаны тиген ел мен жерлердің әсем тіршілігі мен табиғатының суретін сұлу сөзбен кестелеп салады.

Кітап жалпы әдебиет сүйер оқырман қауымға арналған.

Жаңалықтар

  • Тәуелсіздік дәуірі

    Назарбаев Н. Ә.       Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. - 508 б.- ISBN 978-601-06-4715-2 ӘОЖ 323(574) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік

    Read More
  • Яссауи феномені кітабының тұсаукесері

    Бүгін  Орталық ғылыми кітапханада  отбасы хрестоматиясы сериясында жарық көрген "Яссауи феномені"  және де Санжар Керімбай ағамыздың "Өмірге ғашық болу"  атты кітабының тұсаукесері

    Read More
  • «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

    2018 жылдың 29 қаңтар күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жастар кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5