85 жыл

   

 

Құрметті әріптестер!

Қадірлі кітапханашылар!

 

Сіздерді 15 қазан кітапханашылар күні мерекесімен құттықтаймын.

Бұл күн Алматы қаласы әкімшілігінің бастамасымен бекітілген. Кітапханашылар күні - бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Атаулы дата 15 жылдан аса еліміз бойынша кеңінен аталып өтуде.

«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» - деп Хакім Абай айтып кеткендей, кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз.

Өткен замандардың түңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз.

Кітап - ғажайып қазына. Кітапхана - оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы - кітапханашылар.

Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар - ең қажет, абыройлы мамандық иелері.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасын ашып тұрып: «Бүгінгі кітапхана - заманауи электрондық-мұрағаттық инфрақұрылым ғана емес, сондай-ақ ұлттық мәдени-тарихи құндылықтың құрамдас бөлігі саналатын бірегей ақпараттық ресурс» - деп атап өткен болатын.

Осыған орай, елімізде ақпараттық кеңістікке кітапханаларды белсенді ықпалдастыру және оқырмандарға қызмет көрсету мәдениетін арттыру міндеті осы сала мамандарына жүктеліп отыр.

Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.

Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9-11 ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты.

Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болғанын өздеріңіз жақсы білесіздер.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4 152 кітапхана жұмыс істейді, олардың 400-ден астамы Алматы қаласында орналасқан.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

Біздің 80 жылдан астам тарихы бар Ғылыми кітапханамызда айтулы мерекеге өз жетістіктерімен келіп отыр.

Бұл еліміз бойынша ғылыми әдебиеттер жинақталған қара шаңырақ. Ғасырға жуық отандық ғылымның дамуы жолында үздіксіз қызмет атқарып келеді.

Кітапхана жұмысын жаңа сатыға көтеру мақсатында, өздеріңіз білесіздер соңғы жылдары қыруар жұмыстар атқарылуда. Ғылыми кітапхананың оқу залдары, фойелері мен бөлмелері қайта толық жөндеуден өтті. Су жаңа конференц-зал ашылды. Жаңа мерзімді баспасөз және кітаптармен толықтырылуда.

Қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптарды сандық форматқа тезірек көшіру үшін және оқырмандарға заман талабына сай қызмет көрсету мақсатында жаңа қондырғылар алынуда.

Ғылым ордасының құрамына өткелі бері айлық жалақыларыңыздың көлемі артып, мерекелер мен жыл соңында сыйақылар үздіксіз төленуде.

Жалпы кітапханашыларымыздың табысты жұмыс жасаулары үшін барынша жағдай жасауға тырысудамыз.

Бұл жұмыстар әрі қарай жалғаса беретін болады.

Біздің алдымызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандық ғылымды дамыту бойынша қойған мақсаттар мен міндеттерді сапалы әрі мерзімінде орындауға қолдау көрсету үшін, Ғылыми кітапхананы заманауи ақпарат орталығына айналдыру жолында қыруар жұмыстар тұр, сол себепті кітапхана ұжымындағы әріптестеріме алдағы уақытта да жұмыстарыңыздың сан қилы әдістерін меңгеріп, кәсіби шеберліктеріңізді одан әрі шыңдап, білімді де білікті маман ретінде көріне берулеріңізге тіліктеспін.

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • 2017-05-01 күнінен бастап статистика
  • Барлық қаралған: 1527
  • Барлық қолданушылар: 914
  • Ораташа уақыт: 00:12:44
  • Парақша қолданушылары: 1
  • Барлық қолданушылар саны
    256.460