85 жыл

Жаңа жылдарыңызбен!

ОҒК толықмәтінді электронды ресурстары

Кенесары Қасымұлы(1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханныңнемересі.

Балалық шағы

Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан Кенесары санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. Осыған байланысты Кенесары Ресей мен Абылай хан арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді. Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның, бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты.

Көтеріліс

1827 жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.

Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымұлы да мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді. Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді. 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығыныңиелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешітқамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Кенесары сұлтан ең алдымен 1837 көпестердің керуенін күзетіп келе жатқан хорунжий Рытовтың әскерін тас-талқан етті. Кенесары қолы алғашқы ең көлемді әрекетін 1838 жылы 26 мамырда Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаныҚоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымұлы патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресейшекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 183638 жж. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды. 1840 жылғы Кенесарының Ташкентке жорық жасау жайлы ойынан бас тартуға тура келді. Себебі, сарбаздардың арасында жұқпалы ауру тараған болатын. 1844 жылы 21 шілдедегі түнгі шайқаста Кенесары қолы Ахмет Жантөреұлының әскерін тас-талқан етті. Ұрыс даласында патша үкіметін қолдаған 44 сұлтан ажал құшты. Ал Жантөреұлына көмекке келген Дуниковский Кенесарының әскеріне жақындауға қорыққандықтан ешнәрсе жасай алмады. 1845 жылы Кенесары ханның әскері Мерке бекінісін басып алды. Дәл осы жылы патшаның бұйрығымен Кенесары ауылына Долгов пен Герн елшілігі келді. Қос тарап ешқандай да келісімге келе алмады. Патша өкіметі көтерілістің алдыңғы нәтижелерін жоққа шығаратын қисынсыз талаптар қойғандықтан Кенесары патшаның барлық талабын орындаудан бас тартты.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.

13 ZHusup BalasagyinӨмірі туралы мәліметтер аз сақталған философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге кұт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.

"Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген

Ой өсиеті

Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".

KonaevДінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.

Өмірбаяны

1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

Еңбек жолдары

1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатыныңҚоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.

1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.

1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Марапаттары

  • Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982)
  • 8 Ленин ордені
  • Еңбек Қызыл Ту ордені
  • Медальдар

Игі істері мен жетістіктері

Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.

1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.

Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып,Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.

Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Д.А.Қонаев есімі берілген жерлер

  • Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
  • Астана және Алматы қалаларында - көшелер.
  • Үлкен Алматы каналы.
  • Орал қаласында - шағын аудан.
  • Тараз қаласында - орталық көше және бюст.
  • Талдықорғанда- көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны.
  • Алматы қаласында - жекеменшік университет.
  • Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында - орталық көше.
  • 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.
  • 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды.

Шымкент қаласында - орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.

  1. Бейскулов Токтар Абдрахманович. Академик Академии  гуманитарных наук / Сост.: Е.Т. Бейскулов, А.Ж. Саканова. Отв. ред. К.Е. Каймакбаева, зав. ЦНБ РГП «Ғылым ордасы». Библиогр. ред.: Г.И. Бельгибаева. - Алматы: Центральная Научная библиотека РГП «Ғылым ордасы», 2016. - 152 с.: [Научно-биографическая серия «Видные деятели науки Казахстана»] ISBN978-601-7815-25-7

  2. Габдуллин Малик Габдуллович [Электронный ресурс] / Сост.: А.А.Жамигазина; Гл.ред. С.Н.Негимов; Отв.ред. Р.О.Карибжанова и др.;МОН РК, КН РГП "Ғылым ордасы",НБ. - Алматы, 2015. - 184с. : ил.:фото. - (Видные деятели науки Казахстана). - 754т.00т.

  3. Жаутыков Орымбек Ахметбекович. Академик Академии КазССР [Электронный ресурс] / Сост.: Б.О. Жаутыков; Гл.ред. А.Ж. Саканова; Отв. ред. Р.О. Карибжанова; МОН РК, НАН, Науч. б-ка РГП "Ғылым ордасы". - Алматы, 2014. - 308 c/. - (Видные деятели науки Казахстана). - На каз. рус. языках. - 754 т. 00 т.

Ыбырай Алтынсарин  (шын аты - Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

        Ybyrai AltynsarinЫбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.


14Джумагулов, Каскенбай Танасьевич.

Ибрай Алтынсарин и развитие культуры казахского народа/Джумагулов, Каскенбай Танасьевич; К.Т.Джумагулов. - Алма-Ата: Казахстан, 1984. – 204 с.

Настоящее издание является дополненным переизданием книги этого же автора «Ибрай Алтынсарин» (Ташкент, 1975). Кроме анализа и оценки творчества Алтынсарина, автор раскрывает его роль, место в развитии казахской культуры. Показана историческая заслуга Алтынсарина в просвещении казахского народа, в приобщении его к передовой демократической русской культуре.

Книга рассчитана на преподавателей-филологов, студентов гуманитарных вузов, на всех, кто интересуется историей культуры казахского и других братских народов.


11Джумагулов, Каскенбай Танасьевич.

Ибрай Алтынсарин и развитие культуры казахского народа/Джумагулов, Каскенбай Танасьевич; К.Т.Джумагулов. - Алма-Ата: Казахстан, 1984. – 204 с.

Настоящее издание является дополненным переизданием книги этого же автора «Ибрай Алтынсарин» (Ташкент, 1975). Кроме анализа и оценки творчества Алтынсарина, автор раскрывает его роль, место в развитии казахской культуры. Показана историческая заслуга Алтынсарина в просвещении казахского народа, в приобщении его к передовой демократической русской культуре.

Книга рассчитана на преподавателей-филологов, студентов гуманитарных вузов, на всех, кто интересуется историей культуры казахского и других братских народов.


19Алтынсарин И.

Этнографические очерки и образцы устно­го творчества. 2-е изд. доп. - Астана: «Алтын кітап», 2007, - 166 с. - (Библиотека казахской этнографии, том 13)

В данный том серии «Библиотека казахской этнографии» вошли труды по этнографии казахов и образ­цы традиционного фольклора собранные выдающим­ся ученым И. Алтынсариным.

В книге представлены известные труды ученого «Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов», «Очерк обычаев при похоронах и поминках у киргизов», «Об орошаемом земледелии в Тургайской обл.» а также образцы устного творчества казахов. Работы И. Алтынсарина отличают основательность и глубокое понимание рассматриваемых проблем и потому представляют большую ценность как для специалистов-ученых, так и для всех, кто интересуется этнокультурой, этнографией и фольклором казахского народа.

Издание адресовано всем интересующимся историей, этнографией и фольклористикой казахского народа.


20Алтынсарин, Ыбырай (Ибраhим)

Қазақ хрестоматиясы / Алтынсарин, Ыбырай (Ибраhим). - Алматы: Бiлiм, 2003. – 112 б.

Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы" ("Киргизская хрестоматия") 1879 жылы, бұдан 124 жыл бұрын Орынбор қаласында жарияланған. Осы кітапта Ыбырай Алтынсариннің төл шығармалары мен қазақ халық әдебиетінің озық үлгілері және Европа классикасы көркем әдебиетінің аудармалары өлең сөз және қара сөз түрінде берілген.

Кітапқа енгізілген көркем шығармалардың басты идеялары: адамгершілік пен еңбексүйгіштік, әдептілік пен инабаттылық, зейінділік пен зеректілік және ата-ана, ел мен жерге деген сүйіспеншілік. Әсіресе, автор кітаптың тәрбиелік сипатына айрықша назар аударған.

Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы. Алтынсариннің бұл оқу құралы орта мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне және жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына, оқытушыларына арналған. Сондай-ақ, қалың оқушыларға да өте пайдалы кітап екендігі сөзсіз.


23Алтынсарин, Ыбырай

Мұсылманшылықтың тұтқасы:Шариат-ул- Ислам/Алтынсарин,Ыбырай.- Алматы: Қазақстан, Қаламгер, 1991. – 80 б.

Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсариннін адам- гершілік тәрбиесін басты нысана ете отырып, ислам дінінік мән-мақсаттарымен таныстырған бұл енбегі бір ғасыр бойы бірнеше толқын ұрпақтың танымынан тыс калып, мәдени қазынамыздың қорына қоса алмай келдік.

Заман тынысы, уакыт талабы осыған дейін тарих тереңінде қалған рухани мұраларымыздың қандайына болса да зердемен қарап, ұрпақ игілігіне жа- рататын мезгілдін жеткенін дәлелдеп отыр. Бұл кітапты Сіздерге осындай олқылықтардың орнын толтырсақ деген ізгі ниетпен ұсынып отырмыз, кадірлі окырман қауым!


25Алтынсарин, Ыбырай.

Өнер-бiлiм бар, жұрттар: Өлеңдер, әңгiмелер, очерктер, хаттар және естелiктер / Алтынсарин, Ыбырай. - Алматы: Жалын, 1991. – 240 б.: ил., портр.

Кітапта XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы ағартушы-демократы, педагог-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері, оқу-ағарту мәселелеріне арналған жазбалары және хаттары берілген.

Жинақта бұнымен қатар Ы. Алтынсарин жинап, «Қазақ хрес- томатиясында» жариялаған ауыз әдебиеті мұраларының кейбір үлгілері, сондай-ақ ағартушы туралы орыс достарының, әріптестерінің естеліктері орын алды.

Кітап жоғары класс оқушыларына, жалпы оқырман көпшілікке арналған.


15Алтынсарин, Ибрай.

Рассказы: Пер. с каз. Н. Кальменева / Алтынсарин, Ибрай. - Алма - Ата: Жазушы, 1971. - 56 с.: ил.: 1 л. портр.

В настоящий сборник вошли рассказы Ибрая Алтынсарина, написанные им для детей. В них говорится о смелости и находчивости, о трудолюбии в скромности детей бедняков, о хвастливости и трусости байских детей.

 

 

 

 


10Ыбырай Алтынсарин., Шәкәрім Құдайбердіұлы  / Құраст.: Р.Башарұлы, Б.Иманбекова, А.Құсайынов, С.Ізтілеуова. - Алматы: ҚЭ, 2007. – 632 б.

"Тұлғалар" топтамасы бойынша баспадан шығарылып отырған "Ыбрай Алтынсарин. Шәкерім Құдайбердіұлы" кітабы казақтың ұлы ұстазы мен ойшыл-ақынының өмірі мен шығармашылық жолдарына жаңаша көзқараспен талдау жасатып зерттеу мақалалардан құрастырылған. Оқырман қауым ұлы бабаларымыздың төлшығармаларымен, хат-есептерімен, естеліктерімен танысады.

Кітап жалпы оқырман көпшілікке арналған.

 


6Алтынсарин, Ыбырай.

Шығармалар жинағы: 2 томдық. Т.1/Алтынсарин, Ыбырай. - Алматы: Қазығұрт, 2003. – 240 б.: портр.

Қазақ мәдениетінің көрнекті кайраткері, ғалым-ұстз, ақын, әрі аудармашы Ыбырай Алтынсариннің екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына оның өлендері, әнгімелері, этнографиялық еңбектері мен ғылыми- әдістемелік мұралары енген. Бұл жинақты мектеп окушылары, бакалаврлар мен магистранттар, аспиранттар мен ғылыми ізденушілер косымша оку құралы ретінде пайдалана алады.

Кітап жалпы оқырманға, мәдениет қызметкерлеріне, ғылым-педагогтар- арналған.


1Алтынсарин, Ибрагим.

Собрание сочинений: В 3-х томах. Т.1 / Алтынсарин, Ибрагим; АН Каз.ССР, Ин-т истории,археологии и этнографии им. Ч.Ч.Валиханова. - Алма-Ата: Наука, 1975. – 360 с.: 1л. портр.

Ибрагим Алтынсарин - выдающийся педагог-просветитель казахского народа - жил во второй половине XIX в. Он является основателем первой русско-казахской светской школы в Казахской степи, автором первого казахского алфавита на основе русской графики, ученым, историком-этнографом, одним из основополож­ников казахской письменной литературы.

В первый том Собрания сочинений вошли художественные произведения Алтынсарина, образцы устного народного творчества, собранные им, руководство по изучению русского языка, составленное просветителем, материалы к его творческой биографии. Книга рассчитана на широкий круг читателей.


7Алтынсарин, Ибрагим.

Собрание сочинений: В 3-х томах. Т.2 / Алтынсарин, Ибрагим; АН Каз.ССР, Ин-т истории, археологии и этнографии им. Ч.Ч.Валиханова. - Алма-Ата: Наука, 1976. – 424 с

Во второй том Собрания сочинений Ибрагима Алтынсарина вошли его труды по этнографии, исто­рии социально-экономического положения и политического строя Казахстана в пореформенную эпоху, произведения по педагогике и учебно-методические разработки. Особое место занимают рукописи о развитии народного образования в крае, о строительстве школ, воспитании и обучении детей русского и казахского населения, материально-техническом обеспечении и т. п. Приложены новые данные к творческой биографии И. Алтынсарина.

Книга представляет интерес для широкого круга читателей.


2Алтынсарин, Ибрагим.

Собрание сочинений в трех томах. Т.3 / Алтынсарин, Ибрагим; Редкол.: А. Нусупбеков, С.Кенесбаев, Б.Сулейменов ( отв.ред.); АН КазССР, Ин-т истории, археологии и этнографии им. Ч.Ч.Валиханова. - Алма-Ата: Наука, 1978. – 352 с.

В третьем томе публикуются письма И. Алтынсарина, адресованные отдельным лицам - профессору-ориенталисту Н. И. Ильминскому, инспектору «инородческих» школ Оренбургского учебного округа В. В. Катаринскому и учителям русско-казахских школ. Кроме того, в книгу вошли деловые бумаги И. Алтынсарина и переписка с отдельными официальными лицами и учреждениями - Оренбургским учебным округом, Тургайским областным правлением и др. Представлены также важнейшие материалы, касающиеся жизни и деятельности просветителя.

Книга рассчитана на широкий круг читателей.


9Ыбырай Алтынсарин тағлымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер/Құраст.: М.Жармұхамедов. –Алматы:  Жазушы, 1991. – 384 б.

«Ыбырай тағлымы» атты бұл жинаққа қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өз ұлтының болашағын ойлаудан жарғақ құлағы жастыққа тимей, көп қиындықпен жүріп мектеп ашуы, барша қазақ 6алаларын білімге шақыруы, оларды оқытуы, инспекторлық қызметте болуы, сондай-ақ тұстастары мен замандастарының Ыбырай жайында жазып қалдырған естелікутерімен әдеби-сын мақалалары топтастырылды.

 

 


28Алтынсарин, Ыбырай.

Тазабұлақ: Өлеңдер, әңгімелер, очерктер, хаттар/ Алтынсарин, Ыбырай. -Алматы:Раритет, 2008. – 208 б.

Халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, ақыл-ойшысы, коғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің бұл жинағына өлеңдері мен әңгімелері, этнографиялык очерктері мен хаттары еніп отыр.

 

 

 


30Қазақ прозасы: Хрестоматия: 3 томдық. Т.2:ХIХ-ХХ ғасырлар/Құраст.: Х.Ж.Сүйiншәлi. - Алматы: Ғылым, 2001. – 672 б: ил., портр.

Қазақ халқының X-XX ғасырлар аралығында дүниеге келген прозалық туындыларының хрестоматиялык, жинағы үш томнан тұрады. Жинақтың екінші томына XIX ғасырдың соңы меп XX ғасырдың  басында халқымыздың қоғамдық өмірінде елеулі рөл атқарған ғалым, ағартушы, белгілі қоғам қайраткерлері Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин. А. Кұнанбаев, С. Бабажанов, Ш. Кұдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, X. Досмухамедов, М. Шоқайдың еңбектері енді.

Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне. көпшілдік оқырманға арналған.


31Ламашев, Әсет.

      Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен iзбасарлары / Ламашев, Әсет. - Алматы: Қазақстан, 1988. – 184 б.

Бұл еңбекте қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің және оның орыс достары мен ізбасарлары - В. В. Григорьевтің, Н. И. Ильминскийдің, А. В. Васильевтің, А. Е. Алекторовтың, Я. П. Яковлевтің, С. В. Чичеринаның тағы басқаларының өмірі, олардың қа- зақ  даласында оқу-ағарту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі еңбектері нақты деректерге негізделе отырып баяндалады.

Кітап қазақ халңының мәдени өмірі мен ағарту ісінің тарихын зерттеушілерге, студенттерге, сондай-ақ қалың оқырман қауымға арналған.


3Алтынсарин Ыбырай

Таңдамалы шығармалар/Алтынсарин, Ыбырай; Құраст. баспаға дайындаған Б.С. Сулейменов; Қаз.ССР ҒА тарих, археология және этнография ин-ты. -Алматы: Қаз.ССР ҒА басп., 1955. – 415 б. 

  

 

 

 

 


8Алтынсарин Ыбырай

Таңдамалы шығармалары/Алтынсарин, Ыбырай; Жинап, баспаға дайындаған Д.Әбiлев, Ә.Тоқмағамбетов, А.Балғынбаев. - Алматы: Қазбiрiккенмембасп., 1943.– 105 б.

 

 

 

 

 


17Алтынсарин Ыбырай

Асан мен Үсен/Алтынсарин, Ыбырай; Е. Қарбеков. - Алматы: "Жаңа өмір" журналының баспасы, 1952. - 81 б. - араб әрпінде жазылған

  

 

 

 

 

 


18Алтынсарин Ыбырай

Бiр уыс мақта: Әңгiмелер / Алтынсарин, Ыбырай. - Алматы: Жазушы, 1967.– 16 б.: суреттi. - (Менiң алғашқы кiтабым)

 

 

 

 

 

 


4Алтынсарин Ибрагим

Избранные произведения / Алтынсарин, Ибрагим; Сост.и подгот.к печати Б.С.Сулейменов; АН Каз. ССР, Ин-т истории, археологии и этнографии. - Алма-Ата: Изд-во АН Каз.ССР, 1957. – 466 с.: 1л.портр.

 

 

 

 

 


21Алтынсарин Ыбырай

Кел, балалар, оқылық: Бастауыш мектеп оқушыларына арналды/ Алтынсарин, Ыбырай; Құраст. Қ.Жармағамбетов.-Алматы: Қаз.мем.оқу құралдары басп., 1948. – 74 б.

 

 

 

 

 


22Алтынсарин Ибраһим Балғужа ұғлы = الطونصارين

 ابراهيم بالغوجا اوغلى.

Мәктубат = مكتوبات [Текст]/Алтынсарин Ибраһим Балғужа ұғлы= الطونصارين ابراهيم بالغوجا اوغلى. - Қазан; قزان: Чирков баспаханасы: شيركوف مطبعه سى, 1896. - 35 б. - араб жазуы.

  

 

 

 


13

  

Алтынсарин, И.

Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку [Электронный ресурс] / И. Алтынсарин. - Оренбург : ИИЕМ, 1879. - 69c.

 

 

 

 

 


24Алтынсарин Ыбырай

Өлеңдер жинағы: Жинаған Сейфолла ұлы Сәкен/Алтынсарин, Ыбырай. - Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1935. – 80 б.

 

 

 

 

 

 


 26Алтынсарин Ибраһим Балғожа ұғлы=الطونسارين

 ابراهيم بالغوجا اوغلى.

Шараит-ул-ислам [Текст] = شرايط الاسلام/Алтынсарин Ибраһим Балғожа ұғлы=الطونسارين ابراهيم بالغوجا اوغلى. - Қазан; قازان: Университет баспаханасы, 1884. - 86 б. - aраб жазуы

 

 

 


27Алтынсарин Ыбырай

Таза бұлақ: Әңгiме, ертегi / Алтынсарин, Ыбырай. -Алматы: Жалын, 1985. – 20 б.: суреттi

  

 

 

 

 

 

 


5Алтынсарин Ыбырай

Таза бұлақ: Өлеңдер, әңгiмелер, хаттар / Алтынсарин, Ыбырай. - Алматы: Жазушы, 1988. – 320 б.: портр.

Халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, ақыл-ойшысы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің бұл жинағына әңгіме, өлеңдер!, орыс ағартушыларымен жазысқан хаттары, этнографиялын очерктері, оқу-медотикалық шығармалары еніп отыр.

 

 

 


29Алтынсарин-ұстаз, ағартушы, жазушы:

Методикалық-библиографиялық материалдар. 140 жыл толуынаарналған.- Алматы,1981 – 20 б. - (Қазақ ССР кiтапқұмарлар ерiктi қоғамы)

 

 

 

 

 

 


12Ильминский Николай Иванович

Воспоминания об И.А.Алтынсарине / Ильминский, Николай Иванович. - Казань: Типо-лит. В.М. Ключникова, 1891. – 396 с.

 

 

 

 

 

 


16Ақынжанов Мұсатай

Ыбрай Алтынсарин.: Төрт актылы, сегiз суреттi пьеса/Ақынжанов, Мұсатай. - Алматы: Қазақ мем.көркем әдеб.бас-сы, 1953. – 73 б.

 

 

 

 

 

 

 


32

Ыбрай Алтынсаринның еларасында тараған өлеңдері  және сол өлеңдер жөніндегі түсініктер. 

 

 

 

 

 

 

 

  


 

397 №1-5 қолжазбалар

Алтынсарин, Ыбырай.
Таза бұлақ: Өлең / Алтынсарин, Ыбырай; Айтушы: Асан Еркетаев; Жинаушы: Нұғман Әминов. - Қ. ж., 1947.


Алтынсарин, Ыбырай.

Бозбалалық туралы: Өлең / Алтынсарин, Ыбырай; Жинаушы: Ә. Қоңыратбаев. - Қ. ж., 1942


Алтынсарин, Ыбырай.
Насихат өлең: Өлең / Алтынсарин, Ыбырай; Жинаушы: Әбубәкiр Диваев. - Қ. ж., 1942. 


Алтынсарин Ыбырайдың ел арасына тараған өлеңдерi және өлеңдерге түсiнiктер/ Айтушы: Көсембек Байғұттыұлы. - Қ. ж., 1949


Алтынсарин Ыбырай қайтыс болғанда Қарсмайылдың Мұстапсы деген ақынның бәйбiшеге жазған хаты/ Айтушы: Доскей; Жинаушы: Мариям Хакiмжанова. - Қ. ж., 1947


 

 

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • 2018-01-01 күнінен бастап статистика
  • Барлық қаралған: 394
  • Барлық қолданушылар: 353
  • Ораташа уақыт: 00:01:59
  • Парақша қолданушылары: 1
  • Барлық қолданушылар саны
    371.629