12сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне орай РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Ғарыш әлеміндегі Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме Космонавтика мен ракеталық техниканың негізін салушы ғалымдар К.Э. Циолковский мен инженер-конструктор, академик С.П.Королевтың зерттеу еңбектерінен басталды. Көрмеден қазақ жерінде орналасқан ең алғашқы «Байқоңыр» ғарыштық кешені, оның салыну тарихы туралы, адамзатта тұңғыш рет ғарыш көгіне көтерілген Кеңес Одағының ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин және «Восток», «Восход» ғарыш кемелерінде ұшқан көптеген ғарышкерлер жайлы әр жылдары жарық көрген кітаптармен таныса аласыздар.

«Қазақстан және ғарыш» атты бөлімде Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, Кеңес Одағының Батырлары, Халық Қаһармандары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Қазақстан Халық Батыры, әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Айымбетовтер туралы жазылған көптеген еңбектер қойылды.

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo