меню

Қалижанов Уәлихан.

Қазақ әдебиеті және рухани жаңғыру: Зерттеулер, мақалалар мен әдеби портреттер. / Қалижанов У. - Алматы: «Баянжүрек», 2018. - 552 бет.

ISBN  978-601-7532-71-0

Жинаққа Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыньң академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы Қалижановтың қазақ және орыс тіліндегі ғылыми мақалалары, зерттеулері мен әдеби портреттері енгізіліп отыр.

Оқырман отандық әдебиеттанудың күрделі мәселелері мен қазақ сөз өнерін қалыптастырушы әр дәуірдегі туындыгерлердің шығармашылығын ғылыми- теориялық тұрғыда талдап көрсеткен ауқымды тарауларды оқи алады. «Елдік пен ерлік мұраттары», «Замана үні», «Алаш интеллигенциясы және ұлттық идея», «Посткеңестік кеңістіктегі қазақ әдебиеті мен әдебиеттануының даму жағдайы: қайта қалыптасу мен өрлеу жолдары», «Түркі әлемінің ұлы тұлғалары», т.б. аталатын сериялар топтамасынан ғылыми жұртшылыққа маңызды саналатын түркі жұртына және бүгінгі қазақ еліне ортақ тұлғалардың шығармашылығына арналған мақалалар қалың оқырманның қызығушылығын туғызары анық.

Кітап әдебиет тарихын зерттеушілер мен жоғары оқу орындарының филолог мамандарына, магистранттар мен PhD  докторанттарға, жалпы оқырман қауымға арналған.

меню