меню

Memlekettik tapsyrys

Уәлиханов Шоқан.Собрание сочинений. - 3-е изд. / Составители: Б.Е. Кумеков, В.Н. Настич, В.К. Шуховцов. - Алматы: Издательство "Алатау", 2018. Том 4. - 480 с.

ISBN 978-601-7461-36-2

В четвертый том нового издания, дополненного цветными иллюстрациями, входят работы Ч.Ч. Валиханова, созданные им в последние годы жизни (1860-1864 гг.), посвященные различным вопросам истории, этнографии, права, источниковедения, исторической географии, хронологии и генеалогии, материальной и духовной культуры народов Казахстана, Средней и Центральной Азии. Том завершает подборка архивных материалов из рукописного наследия ученого. Рассчитано на историков, этнографов, философов, правоведов, языковедов, преподавателей школ и вузов, а также на широкий круг читателей.

Ештанаев Ғ. «Тамшыда да тағдыр бар»; Өлеңдер. Поэмалар. Аудармалар. /Ғазиз Ештанаев/. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2018. — 208 б.

        ISBN  978-601-7828-88-2

Бұл — қаламгердің үшінші кітабы. Жинаққа әр жылдарда жазылған жаңа туындылары топтастырылған. Ақын өлеңдеріндегі лирикалық «мен» Сізбен жарық дүниенің жақсы-жаманы, ақ- қарасы жайлы сыр бөлісе алады. Сондай-ақ аталмыш жинақтан автордың «Кетбұқаныц соңғы күйі», «Өкініш», «Бетпакдала», «Мырзабектің қара аты», «Сәрінжіп ақын», «Аманат жүрек, армысың» атты поэмаларын да оқи аласыз.

Жинаққа қаламгердің аудармалары да енгізілді. Словения ақындары Э.Коцбек, М.Бор, Балтық жағалауы ақындары Б.Мацкявичюс, В.Шимкус, Ян Райнистің және жезқазғандық ақындардың қазақ тілінде сөйлеген жырлары оқырмандарын бей- жай қалдырмасы анық. Кітап әдебиет сүйер көпшілікке арналған.

 Қазақстан - Ресей: Әдебиальманах - Казахстан - Россия: Литературныйальманах. - Алматы: «Жібекжолы» Баспаүйі, 2018. - 512 б. + 16 қос. – Қазақжәнеорыстілдерінде.

  I5ВN 978-601-294-282-8

  Жыл сайын шығатын «Казахстан - Ресей» әдеби-көркем альманағының төртінші басылымы 2018 жылы өзінің 20 жылдығын атап өтіп жатқан Астананың мерейтойына арналады. Жинақта Қазақстанның, Тұңғыш Прези­денті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразияның жүрегінде жаңа астана тұрғызудағы рөліне арналған шығармалар, Астана мен Алматы, Мәскеу мен Санкт-Петербург, Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан Астрахань, Самара, Орал, Орынбор, Омбы, Павлодар, Өскемен, Барнаул, Бийск қалалары ақын-жазушыларының өлеңдері мен прозалык, туындылары топтастырылған. Астанада өткен, поэтикалық сөздің біріктіруші күшін  тағы бір пашеткен «Ақордалы - Астана» халықаралык, поэзия кешіне қатысушылардың әлем халықтары тілдеріндегі өлеңдері альманахқа үлкен бөлім ретінде енгізілген.

  Четвертый выпуск ежегодного литературно-художественного альманаха «Казахстан - Россия» посвящен столичности  Астаны, отмечающей в 2018 году свое 20-летие. Здесь произведения, посвященные роли Первого Президента Казахстана Н.А.Назарбаева в строительстве новой столицы в сердце Евразии, стихи и проза писателей Астаны и Алматы, Москвы и Санкт-Петербурга, казахстанско-российского приграничья - Астрахани, Самары, Уральска, Оренбурга, Омска, Павлодара, Усть-Каменогорска, Барнаула, Бийска. Большим разделом представле­ны на языках народов мира стихи участников прошедшего в Астане Международного вечера поэзии «Ак ордалы -Астана», еще раз подтвердившего силу объединяющего поэтического Слова.

Аспантаудың ақиығы: Естеліктер. (Құрастырып, түсініктерін жазған Ерлан Мұқаи). - Алматы: 2018. - 176 бет.

 ISBN 978-601-06-4764-0

Құрметті оқырман! Қолдарыңыздағы кітап көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққожа Мұқаидың өмірі мен шығармашылығына арналған ұжымдық жинақ. Мұндағы естеліктер мен мақалалар авторлары ардақты азаматты жақсы білетін әдебиет ақсақалдары мен замандастары және кейінгі толқын інілері.

Басылым жазушының өмірі мен шығармашылығына қызығатын көпшілік оқырман қауымға арналған.

Қазақ өнерінін антологиясы. 25 томдық / Құраст.: М. Жолдасбеков, Ш. Қойлыбаев. - Астана: «Күлтегін» баспасы.

ISBN 978-601-7318-40-6 Т. IX.

Шешендік өнер. - 2018. -320 б.

ISBN  978-601-7318-75-8

Жиырма бес томдық «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасының шешендік сөздерге арналған бұл томына «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деп айтылатын есте жоқ ескі заманнан бергі ел есінде қалған сөз зергерлерінің шешендік мұралары хронологиялық ретпен енгізіліп отыр.

Антология қазақ тарихы мен мәдениетін қастерлеуші жұртшылыққа, қалың оқырманға арналды.