85 жыл

        Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында «Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайында 2013 жылғы 4 қарашада өткен «Музей қорындағы көне қолжазбалар мен кітаптарды, құжаттарды сақтаудың өзекті мәселелері және ғылыми зерттеудегі өзара ықпалдастық» тақырыбында өткізілген облыстық семинар – кеңеске «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасынан қолжазбалар, сирек кітаптардың кітап көрмесі қойылып, Ғылыми кітапхана сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімінің бастығы Г.М. Абикова мен Сирек кітаптар мұражайының қызметкері Т. Талғат баяндама жасады.

    Осы іс-шара аясында көрсетілген кітап көрмесінде «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасынан, Түркістан қаласынан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайынан және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайынан әкелініп қойылғанқолжазбалар мен сирек кітаптарды семинар-кеңеске қатысушы Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген мұражай мен кітапхана қызметкерлері мен семинардың құрметті қонақтары Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і Түркология ҒЗО-ның аға ғылыми қызметкері, тарих ғ.к. Зікірия Ж.З., Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіруші мамандары тамашалады.