меню

Уважаемые читатели! Центральная научная библиотека обслуживает читателей ежедневно, с понедельника по пятницу с 09-00 до 18-00 и в субботу с 10-00 до 17-00, кроме выходных и праздничных дней. Последний четверг месяца — санитарный день. Библиотека читателей не обслуживает.

Мырзахметулы М. Абайтану, 6-том. Восхождение к Абаю (на русском языке)

/Алматы: Издательство «Казыгурт», 2020. — 352 стр.

ISBN 978-9965-22-591-8

Данное исследование посвящено актуальным и малоизученным аспектам абаеведения, а именно: принципам составления творческой биографии Абая, установлению реальных истоков его поэтического творчества, методике текстологических исследовании, проблеме отношения произведений поэта к классическому Востоку, литературному окружению. Эта проблематика рассматривается в свете фундаментальных научных работ писателя-академика М. Ауезова, которые являются итогом многотрудных длительных поисков ученого-энциклопедиста по созданию абаеведения.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 5-том. Толық библиографиялық көрсеткіш (қазақ, орыс тілдерінде).

/Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. — 592 б.

ISBN 978-9965-22-590-1

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай жасалған бұл көрсеткіш ақын мұрасы жөнінде жазылған 1889– 1985 жылдар аралығында жарық көрген деректер көзін тақырыптық жүйеде тұтас қамтиды.

Библиографиялық көрсеткіш негізінен қазақ, орыс тіліндегі деректерді қамтуы себепті, екі бөлімге жіктеліп берілді. Әрбір оқырман іздеген дерегін белгілі бір тақырып желісінде тез тауып алуына қолайлы болуы үшін, әр бөлім негізінен 60-тан астам тақырып аясына шоғырландырылды.

Кітаптың екінші бөліміне Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы хронологиялық көрсеткіш енгізілді.

Настояший библиографический указатель, составленный в канун 140-летия со дня рождения классика казахской литературы Абая Кунанбаева, охватывает все источники данных о поэте, вышедших в свет в период с 1885 по 1989 г.

Так как в библиографический указатель включены материалы на казахском и русском языках, он состоит из соответствующих двух разделов. Для того чтобы облегчить работу читателя по поиску нужных ему определенных данных каждый из этих разделов в свою очередь делится приблизительно на 60 тем.

Во вторую часть книги введен хронологический указатель о жизни и творческой деятельности Абая.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 4-том. Абай және Шығыс (қазақ тілінде).

/Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 320 бет.

ISBN 978-9965-22-589-5

Абай шығармашылығының тарихи тамырын тану мәселесі соңғы кезге дейін жалпылама тұрғыда сөз болып, тереңдеп зерттелмей келді. Ұлы ақын нәр алған рухани үш бұлақтың бірі Шығыс мәдениеті.

Заңғар ғалым Мекемтас Мырзахметұлының «Абай және Шығыс», «Абай және сопылық ілім» атты зерттеулері енген бұл томда Абайдың Шығыс мәдениетіне қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан жүйеленіп баяндалады. Абайдың адамгершілік мұраттарына талдаулар жасалып, ақындық кітапханасы жайлы мәселе арнайы сөз болады.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 3-том. Мұхтар Әуезов. Абайтану дәрістерінің дереккөздері (қазақ, орыс тілдерінде)

/Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 464 бет.

ISBN 978-9965-22-588-8

Мұхтар Әуезовтің Абайтану саласындағы ғұмыр бойғы ізденістері екі салада қатар жүргізілді: оның ұлы ақын мұрасын ғылыми негізде тану бағытындағы зерттеулері жиырма жылға жуық мерзімді қамтыса, Абайдың көркем бейнесін әр түрлі жанрда сомдауға он екі жыл өмірін арнады. «Абайтану» сериясының үшінші томына еніп отырған бұл кітапта абайтанудың негізін салу жолындағы Әуезовтің мол мұрасы оқырман қауымға жүйеленіп берілді.

Бұл том 1997 жылы «Санат» баспасынан шыққан қалпында өзгеріссіз жарияланып отыр.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 2-том. Мұхтар Әуезов және Абайтану мәселелері (қазақ тілінде).

/Алматы:«Қазығұрт» баспасы, 2020. – 352 бет.

ISBN 978-9965-22-587-1

«Абайтану» сериясының екінші томына филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының көп жылдар бойы терең зерттеу нәтижесінде жазған «Мұхтар Әуезов және Абайтану мәселелері», «Абай және Әуезов» атты тұжырымдамалық еңбектері мен оның құрастыруындағы «Абайды оқы, таңырқа» атты хрестоматия енгізілген.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 1 -том. Абайтану тарихы (қазақ тілінде).

/«Қазығұрт» баспасы, 2020. – 488 бет.

ISBN 978-9965-22-586-4

Белгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы дайындаған «Абайтану» сериясының алғашқы томында ұлы Абай мұрасының зерттелуі мен Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы нақтылы кезеңдерге бөлініп сипатталған. Бір ғасыр бедеріндегі ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктер мен кемшіліктер бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады.

Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Е.К. Нұрпейісов, А.Н.Қашқымбаев, Н.С.Лапин  "Қазақстандағы сайлау тарихы."

/Нұр-Сұлтан: «ЖарқынКо» баспасы, 2020. - 320 б.; қазақша, орысша.

ISBN 978-601-7800-65-9

Кітапта жеке ұлттық мемлекет - Қазақ хандығының құрылуынан бастап, Ресей империясы мен кеңестік кезең аясында сайлау жүйесінің іске асырылуы, оның тарихы мен дәстүрлерін зерттеу нәтижесі ұсынылған.

Зерттеу жұмысының басым бөлігі тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі сайлау жүйесінің қалыптасуына арналған. Авторлар аталған мәселені зерттей келе, қазіргі уақытта Қазақстандағы сайлау жүйесі қалыптасуының ғылыми және саяси мәселе ретінде арнайы қарастырылмағанын айқындады. Осы кітапта зерттеушілер назарынан тыс қалып қойған қазіргі саяси институттың тарихы мен оның қоғамдық маңызы жан-жақты сөз етіледі.

Кітап тарихшыларға, әлеуметтанушыларға, саясаттанушыларға және Қазақстан тарихына, саяси және әлеуметтік институттар қызметтері мен сайлау жүйесі тарихы мәселелеріне қызығушылық білдіруші көпшілікке арналған.

Рамазан Д. Пешене: пьесалар

/Думан Рамазан. 2020. - 248 б.

ISBN 978-601-217-690-2

Талантты жазушы, дарынды драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның жаңа жинағына «Керей - Жәнібек», «Пешене», «Бейуақ», «Қанатталды», «Кек» атты драматургиялық төл туындылары мен шетел қаламгерлерінен аударған пьесалары топтастырылған.

Автор тарихи һәм қазіргі тақырыптарға қатар қалам тербейді. Көркем шығармаларда тарихи тұлғалардың ақыл-парасаты, келешекке көз тастар көрегендігі, тереңнен ойлап, кеңінен байлам жасар кемеңгерлігі, ел бастар көсемдігі, сөз бастар шешендігі мен қол бастар батырлықтары айрықша айшықталса, өзімізге етене таныс бүгінгі күн қаһармандарының тыныс-тірлігі мен іс-әрекеттері ерекше суреткерлік шабытпен кестеленген. Шығармалардың тілі шұрайлы, ойы орамды, көркемдік қуаты жоғары.

Кітап жалпы көпшілік қауымға арналған.

«Мен... сырласамын»: Эсселер мен деректі әңгімелер

/Нұрлытай Үркімбай. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 336 б.

ISBN 978-601-217-679-7

Қаламгер Нұрлытай Үркімбайдың «Мен ... сырласамын» атты жинағының бірінші бөліміне ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына соны қырынан талдау жасаған дүниелері топтастырылған. Автор сондай-ақ, ақын күнделігінің табылу тарихын баяндап, оның кейір беймәлім қырларына тоқталады. Жинақтың келесі бөлімдерінде имандылық тақырыбына қалам тербеген ақын-жазушылардың шығармалары жайлы талдау-сараптамалар енгізілген. Жинақтың тағы бір бөліміне Қазақ руханиятына айтарлықтай үлестерін қосқан майталман тұлғалар жайлы эссе-естеліктер топтастырылған. Жинақтың тілі - жеңіл. Жалпы оқырман қауымға арналған.

Nazarbaev 2017

ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПОСЛАНИЕ


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


 

Генеральный директор РГП на ПХВ "Ғылым ордасы" КН МОН РК

Абубакирова Лейла Пернебаевна


gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

Новости

  • Абай Кунанбаев - 175 лет

       Виртуальная тематическая выставка   

    Read More
  • Духовное достояние

    Вместе со всей страной и международным сообществом Алматы впервые в истории отметил День Абая    

    Read More
  • Виртуальная выставка новых поступлений научных изданий

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6