Menu

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялауы аясында «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі сирек қорымызда бар латын әріпінде жазылған балалар кітаптарымен бастау алып, әлем балалар әдебиеті және 2021 жылы басып шығарылған қазақ балалар әдебиеті классиктерінің ең үздік туындыларымен толықтырылған. Рухани әлемнің қайнар бұлағының бірі ол ертегілер. Ертегілер халықтың үміт-тілегінен, аңсар арманынан, ұшқыр қиялынан туған. Көрмемізде  1936, 1938 жж. латын әрпімен шыққан және 1957-1964 жж. ҚазССР ҒА Тіл және әдебиет институты шығарған Ертегілерден бастап, оқырман қауымның зор ықыласына ие болған А.С. Пушкин «Хан Салтан туралы ертегісі», Н.Носов «Дымбілместің Айға саяхаты», М.Алтынжанов «Алтын сақа», Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан», Ө.Тұрманжанов «Менің кітабым», «Аяз би», «Қырық өтірік» атты туындыларымен қатар ол кітапқа да, киноғда да арқау болған Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы, Алтын классика Disney сериясымен шыққан аударма топтамалары қойылды.

    

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo