8 наурыз көктемнің шуақты да, мерейлі мерекесінің бірі. Жылына бір рет келетін айтулы мереке қашанда ерекше маңызға ие. Осыған  байланысты Орталық ғылыми кітапхана мереке қарсаңында арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Негізгі мақсат: дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ананы қадірлеп сыйлай білуге, ұрпақ сабақтастығын, ұлттық құндылықтарды  баршаға үлгі боларлық кейіпкерлер арқылы насихаттау.

Кітап көрмесінің алғашқы бөлімінде Қазақстандағы гендерлік саясат туралы материалдар жинақталған.

                 

«Қазақстан мемлекеттегі тарихындағы әйелдердің рөлі»деп аталатын бөлімде «Ұлы даланың ұлы қыздары», «Қазақ халқының тарихи тұлғалары», «Қазақ тарихындағы әйелдер» т.б. құнды кітаптармен танысуға болады. Отты жылдары қолдарына қару алып елін қорғауға аттанған батыр қыздарымыз  пулеметші  Мәншүк  Мәметова, снайпер Әлия Молдағұлова және ұшқыш-жауынгер Хиуаз Доспанованың ерлігі туралы материалдар қойылған.

«Ана. Ұстаз. Ғалым» бөлімінде елімізде ғылымның әр саласында еңбек етіп, академик дәрежесіне дейін көтерілген белгілі ғалымдарымыз филология ғылымдарының докторы, академик Рабиға Сыздықова, география ғылымының докторы, академик Әлия Бейсенова, филология ғылымдарының докторы Шәмшиябану Сәтбаева, медицина ғылымының докторы, академик Нина Қайыпова, Орталық ғылыми кітапхананы 30 жылдан артық басқарған Нұрхан Ахмедова, Күлжихан Әбуғалиева, Үшкүлтай Сұбханбердина және т.б. абзал аналар туралы материалдар оқырман назарына ұсынылып отыр.

«Өнер әлемінде»  атты үшінші бөлімде өнер жолында өшпес із қалдырған кешегі Д.Нүрпейісова, К.Байсейітова, Ш.Жиенқұлова, Ә.Өмірзақова, Ғ.Жұбанова, Г.Исмаилова секілді  әйгілі аналармен қатар, бүгінгі Б. Төлегенова, Ж. Әубәкірова, Н.Үсенбаева, М.Мұхамедқызы т.б. танымал жұлдыздар жайлы мәліметтер қамтылған.

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo