2016 жылдың 25 қазанында  ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен әйгілі ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, академик М.Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Академик М.Қ.Қозыбаев және Отан тарихын зерттеудің инновациялық тұжырымдары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

        Аталған іс-шараға арнап «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ғалымның 7 томдық ғылыми еңбектерінен бастап, еліміздегі тарихи уақиғалар, Отандық тарихтың өзекті мәселелері, коллективизация,Ұлы Отан соғысы, Желтоқсан көтерілісі және Тәуелсіздік  тақырыптарына байланысты жазған еңбектері қойылды.

       Академик М.Қ.Қозыбаев туралы жазылған көптеген басылымдар мен академиктің өз замандастары мен әріптестері туралы жазған еңбектері де кітап көрмесін толықтырды.

 

              

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo