Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Салық Зиманұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып,қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне белсене араласқан. Ғылыми-зерттеу еңбектері мемлекет және құқық тарихы мен теориясына, Қазақстанда мемлекеттіктің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне, өзге де өзекті мәселелерге арналған. Сондай-ақ, құқық теориясына, қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.

     Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін ғалымның ғылыми және қоғамдық-саяси қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Салық ЗиманұлыҚазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» (25.10.1990) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның (16.12.1991) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды.

     Салық Зиманұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығы (1993), Қазақстан мемлекеттік сыйлығы (2002) лауреаты. «Парасат» орденімен (2002), екі рет Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.

   «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден ғалымның ғылыми еңбектерімен бірге монографиялары, замандастарының жазған өмірі мен қызметінің әрбір кезеңдерін баяндайтын естеліктерімен таныса аласыздар.

                      

                

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40