Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетінің көрнекті қайраткері, КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. 1930 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Д.А. Қонаев Мәскеуге Түсті металдар және алтын институтына оқуға аттанды. 1936 жылы институтты бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне кен инженері болып барды. Мұнда Д.А. Қонаев бұрғылау станогының машинисінен рудник директорына дейінгі жолдан өтті. 1939 жылы Кеңес Одағының Коммунистік Партисы мүшелігіне қабылданды.

1939 жылы Д.А.Қонаев Шығыс Қазақстан облысында жаңадан құрылып жатқан Кенді Алтай қорғаныс кәсіпорнына қызметке ұсынылып, Риддер руднигі және Лениногор кен басқармасының директоры болды. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары майданның Қазақстандық арсеналының жауапты учаскелерінде қызмет атқарды. Соғыс жылдары Д.А.Қонаевтың саясаткер болып қалыптасу кезеңі басталып, мемлекеттік лауазымды қызметтерге тартылды.

Техника ғылымдарының докторы Д.А. Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен қазу теориясы мен практикасының маңызды мәселелеріне арналған. Өзінің ғылымға деген құштарлығы арқасында өз мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғады. Дінмұхамед Ахметұлының жүзден аса ғылыми еңбектері жарияланды.

1952 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып сайланып,1952-1955 жылдары Президенті қызметін атқарды.

Коммунистік партия мен Кеңес мемлекеті алдында сіңірген зор еңбектері үшін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ үш рет берілді –1972 жылы 11 қаңтарда, 1976 жылы 6 қазанда және 1982 жылы 12 қаңтарда.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, тағылымы терең, ой-өрісі биік жан ретінде есте қалды.

"Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасында атаулы күнге орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Д.А. Қонаевтың еңбектері, баяндамалары, өзімен қызметтес болған әріптестері мен замандастарының естеліктері және "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы шығарған Д. А. Қонаевқа арналған «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» мен «Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен шыққан «Дара. Дана. Тұлға» атты басылым ұсынылып отыр. 

 

     

    

           

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40