Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Биылғы жылы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының  докторы, профессор Шора  Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 95 жыл толып отыр.

Ш.Ш.Сарыбаев 1925 жылы наурыз айында Ташкент қаласында дүниеге келді. Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеттің дайындық курсында оқыды. 1945-1950 жылдары аталған университеттің филология факультетінің студенті болды.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 1950-1953 жылдары университеттің қазақ тілі кафедрасының аспиранты болып, «Қазақ тіліндегі есімдіктер» атты тұңғыш ғылыми мақаласын жарияланды.

1954 жылы «Қазақ тіліндегі одағайлар» атты кандидаттық, «Қазақтың аймақтық лексикографиясы» деген тақырыпта докторлық диссертацияларын қорғады.

Қазақ мемлекеттік университетінде, ҚазССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары болып қызметтер атқарды.

1983 жылы ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

Халел Досмұхамедұлының туғанына 110 жыл толуына, тіл білімі тарландары Құдайберген Жұбановтың 100 жылдығына, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәрсен Аманжоловтарға арналған халықаралық конференцияларда баяндамалар жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Америка, Болгария, Венгрия елдерімен тығыз шығармашылық байланыста болумен қатар, Германия, Түркия, ТМД елдерінде қазақ тілі проблемаларына байланысты баяндамалар жасады.

Ш.Сарыбаев ғылым кадрларын даярлау ісіне де үлкен үлес қосып, көп жылдар бойы Жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарды және студенттерге арнап оқу құралдарын жазуға қатысып отырды.

Ғалымның 200-ден аса еңбегі жарық көрген, соның ішінде қазақ тіл білімі тарихына қосқан үлкен үлесі жеті томнан тұратын библиографиялық көрсеткішін ерекше атауға болады.

2004 жылы Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесі академик болып сайланды.

Ғалымның еңбегі жоғары бағаланып көптеген наградалардың иесі атанды.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ғалымның туғанына 95 жыл толуына орай ғылыми еңбектерінің кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден монографиялары, мерзімді басылымдарда жарияланған тіл туралы мақалалары, замандастарының жазған естеліктері және өмірі мен қызметінің әрбір кезеңдерін баяндайтын суреттерін көре аласыздар.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37