Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

2019 жылдың 11 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Қошанов Аманжол Қошанұлының 85 жылдық мерейтойы мен ғылыми және қоғамдық қызметінің 60 жылдығына арналған Халықаралық симпозиум өткізді.

Аманжол Қошанұлы Қошанов 1934 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Алқаағаш ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Алтын медальмен бітірген ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетінің студенті болып қабылданады.

1959 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ұлттық Ғылым академиясының Экономика институтында қызмет істеп келеді. Ол еліміздің экономикалық ғылымы мен халық шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан ірі экономист-ғалым .Академик Аманжол Қошанов 600 - ден аса ғылыми еңбектің, соның ішінде 53 монографияның авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен 16 экономика ғылымдарының докторы, 60-тан аса ғылым кандидаттары даярланды.

А. Қошанов 1965 жылы кандидаттық, ал 1979 жылы докторлық диссертация қорғады. Институтта кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болып қызмет атқарды. Ал 1988-1995 жылдары Экономика институтының директоры болды.

1983 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ал 1989 жылы академик болып сайланды. Көптеген ғылыми журналдардың редакция алқасының мүшесі. Осы жылы «Қазақстанның индустриялық прогресі кемелденген социализм тұсында» атты монографиясы үшін Қаз ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Экономика ғылымының дамуына қосқан еңбегі жоғары бағаланып көптеген медальдар, Құрмет грамоталарын алды. ҚР Президентінің Жарлығы бойынша жоғары дәрежелі «Парасат» орденімен наградталды. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді.

2004 жылы Кембридж орталығының (Англия) «ХХІ ғасырдың аса көрнекті зияткері» медалімен наградталды.

2004, 2009 жылдары «Жыл адамы» құрметті атағын алды. Әлемнің таңдаулы азаматтарына берілетін Америка орталығының (ABJ-АҚШ) «Қазақстан үшін алтын медаль» халықаралық марапаты берілді.

Академик А.Қ.Қошановтың есімі Кембридж орталығының (Англия) «ХХІ ғасырдың 2000 аса көрнекті ғалымдары» деген арнайы басылымына енді және «2009 жылдағы әлемнің 100 аса көрнекті ғалымдары» деген лауазымға ие болды.

«Ғылым ордасы» Орталық кітапханасы осы қос мерейтойға арналған іс-шараға кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ғалымның монографиялық, ұжымдық еңбектері, ғалым туралы мақала жазылған энциклопедиялар, суреттері қойылды.

Симпозиум жұмысына ғалымдар, Жоғары оқу орны қызметкерлері, қоғам өкілдері, әріптестері қатысты.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40