Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

А.Н. Илялетдинов 1929 жылы 16 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Бесарық станциясында ұстаздар отбасында дүниеге келді.

1946 жылы орта мектепті бітіргенен кейін ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің биология факультетіне түседі. Ол Мәскеу университетін бітірген соң микробиология кафедрасының жанындағы аспирантураға қалдырылып, 1954 жылы кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады.

1954-1957 жылдары ҚазССР Ғылым академиясының Топырақтану институтында алдымен кіші, содан соң аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1966-1996 жылдары ҚазССР Ғылым академиясы Микробиология және вирусология институтының директоры болды.

1968 жылы Профессор атағын алды.

1970 жылы ҚазССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.

1971 жылы ҚазССР-ның «Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді.

1983 жылы А.Н. Илялетдинов ҚазССР Ғылым академиясының академигі болып сайланды.

Ол биология ғылымын дамытудағы және кадрлар даярлаудағы сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1981), «Астана» медалімен (1998) марапатталды.

А.Н. Илялетдинов 220 ғылыми еңбек жариялады, соның ішінде 4 монографияның және 28 авторлық куәліктің авторы. Оның жетекшілігімен 39 кандидаттық, 13 докторлық диссертация қорғалды. Тәрбиелеген шәкірттерінің көпшілігі Қазақстанның барлық облыстарында, жоғарғы оқу орындарында, ғылыми мекемелерде ойдағыдай қызмет атқаруда.

                 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40