Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында техника ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті, академик, ширек ғасыр Республиканың бірінші басшысы болған Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Д.А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген.

1931 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтына оқуға қабылданып, 1936 жылы тау-кен инженері мамандығын алған соң еңбек жолын Балхаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішінде қарапайым жұмысшыдан бастады.

1939 жылы Д.А. Қонаев Шығыс Қазақстан облысында жаңадан құрылып жатқан Кенді Алтай қорғаныс кәсіпорнына қызметке ұсынылған. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары майданның Қазақстандық арсеналының жауапты учаскелерінде қызмет атқарды. Соғыс жылдары Д.А. Қонаевтың саясаткер болып қалыптасу кезеңі басталып, мемлекеттік лауазымды қызметтерге тартылды.

Ал ғылымға деген құштарлығы арқасында өз мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғады.

1952 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі және Президенті болып сайланды.

Ұзақ жылдар Республиканы басқарған Д.А. Қонаевтың басшылығымен қазақ даласында көптеген қалалар салынды, автокөлік жолдары, темір жол, әуежолы инфрақұрылымы дамыды, колхоз, совхоздар елдің дамуына үлкен үлес қосты.

Көрмеге заңғар тұлғаның Қазақстан ғылымының дамуы, Республиканың өркендеуіне байланысты жазылған, баяндамалары қойылды. Сонымен қатар өзімен қызметтес болған әріптестері мен замандастарының естеліктерін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40