«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, көрнекті жазушы, публицист, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлттық поэзия падишасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мағжан – қазақ поэзиясының Абайдан кейінгі алыбы. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Ол ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді, халқын өнер-білімге шақырды. Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады. Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Бекенұлы ұлт азаттық тақырыбында үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді.

Көрмеден М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты әдебиеттерді, ғылыми еңбектері мен өлеңдерін және мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалаларын көре аласыздар.

         

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

"Ұлы даланың жеті қыры"


Ruhani zhangyru 001


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo