«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигібиология ғылымдарының докторыпрофессор Иса Омарұлы Байтуллинның 90 жасқатолуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Иса Омарұлы бүкіл саналы ғұмырын сонау 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетінен бастап, Ұлттық ғылым академиясы, Ботаника және фитоинтродукция институтына арнап келеді. И.О. Байтулин - ботаника ғылымының жаңа саласы - ризологияның - өсімдіктердің тамыр жүйелерін зерттейтін ғылымның тұтас жүйесін жасады. Бұл жұмыс халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды. Иса Омарұлы 362-ден аса ғылыми еңбектің, 23 монография мен "Ризология негіздері" оқулығының авторы.

Көрмеге ғалымның өмірі мен қызметін, ғылыми еңбектерін сипаттайтын әдебиет басылымдары қойылды.