Негізгі бет

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

 

АҚПАРАТ ХАТ

 

«31 мамыр – саяси-қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Жас мамандар кеңесі мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі 2019 жылдың 28-мамыр күні сағат 15.00-де Қазақ Ұлттық аргарлық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Смағұлова Светлана Одепқызымен «Ашаршылық қасіреті» тақырыбында кездесу өткізеді.

ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы ашаршылық нәубетінен халқымыздың жартысына жуығына қырылып қалу қаупі төніп, орны толмас зардап шекті. Бұл зұлматтардың шығуына табиғи-климаттық жағдайдан басқа большевиктік сұрқия билік әсер етті. Аштық халқымыздың демографиялық жағынан ақсауына алып келді. Аштық қасіретінің жантүршігерлік зардаптары миллиондаған адамдарды тағдыр тәлкегіне ұшыратты. Толықтай қаншама отбасының түтіні түтенбей,  қырылып қалды. Ауыл шаруашылығы ақсады, әлеуметтік жағдай толықтай төмендеді. Аштықтың зардабын тартқан халық басқа елдерге пана іздеп, боса көшіп, шетел асты. Ауылдар қаңырап бос қалып, тозып  өлген адамдардың сүйектері далада шашылып, жинаусыз қалды.. Адам етін жеу, өз баласын жеу сияқты сұмдықтар кеңінен орын алды.

Кездесу барысында ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда болған ашаршылықтар, оның шығу себебі мен салдары, ашытқпен күрес барысындағы үкіметтің жүргізген іс-шаралары, қазақ зиялыларының, шетелдік ұйымдардың аштықты ауыздықтаудағы қызметі жан-жақты айтылады.

Өткізілу орны: Алматы қ., Шевченко көшесі,28

Орталық ғылыми кітапхана, 1 қабат.

Байланыс тел.: 261-02-39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

АҚПАРАТ ХАТ

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2019 ж. 27-мамыркүні сағат 11.00-де «Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы» атты жинақтың тұсау кесер рәсімін өткізеді.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының кітап қорында 6 миллионға жуық құжат бар, оның ішінде сирек басылымдар мен қолжазбалар ерекше орын алады. Аса рухани, материалдық құндылыққа ие бұл кітаби ескерткіштердің тарихи, ғылыми, мәдени мағынасы аса зор.

ОҒК қызметкерлері осы қордағы материалдарды сақтап, насихаттап, оқырманға жеткізуде қолда бар мүмкіндіктерді қолдануда. Соңғы жылдарда Сирек басылымдарды зерттеп, ғылыми айналымға түсіру жұмысы жандана түсті. Соның бір айғағы белгілі қолжазба жинаушы, шежіретанушы ғалым Сейітомар Саттаровтың ұсынысы бойынша бірлесіп жасалған еңбек Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларының жинағы.

«МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ. Толық шығармалар жинағы / Ескі қолжазбалардан аударып, құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар: С. Саттаров, Н. Елесбай; Жауапты ред.: Т. Әлбеков. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2019. – 550 б.

Жинаққа ХІХ ғасыр әдебиетінің алыбы, Оңтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы мен Қаратаудың күнгейіндегі ақындық мектебінің озық үлгісін жасаған Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Түркістан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ҒЗИ қорларында сақталған қолжазба мұралары, Мырзашөл, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы аудандарынан табылған қолжазбалары, олардың нұсқалары мен версиялары текстологиялық сараптаулардан өткізіліп және әр кезеңде жарық көрген кітаптары негізінде ұсынылды. Кітап қалың оқырман қауымға, әдебиеттанушы ғалымдарға, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, докторанттарына (PhD) арналған.

Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:

Қаймақбаева Қарлығаш   +7 (727) 272-83-41

Абикова Гүлшат               +7 (727) 261-02-70

Құрметті Орталық ғылыми кітапхана оқырмандары! Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы жазғы жұмыс кестесіне ауысуына байланысты 2019ж. 1 маусым мен 31 тамыз аралығында сағат 9:00 ден 18:00 ге дейін жұмыс жасайды.

Демалыс күндері: Сенбі, Жексенбі

Тазалық күні: әр айдың соңғы бейсенбісі

Әкімшілік

Science Direct толық мәтінді деректер қоры – әлемдік ғылыми жарияланымдардың 25% құрайтын жетекші ақпараттық платформа. ScienceDirect мультидисциплинарлық платформасы 2500 ғылыми журналдан 14 млн.астам жарияланымға және Elsevier баспасының 37000 астам кітаптарына, сондай-ақ беделді ғылыми қауымдастықтар жариялаған көптеген журналдарға қол жеткізе отырып, ғылымның барлық салаларынан әдебиетті жан-жақты қамтуды қамтамасыз етеді.

ScienceDirect сапалы ғылыми-техникалық және медициналық ақпаратты табуға және бағалауға мүмкіндік беретін тиімді және толық электрондық интерактивті жүйе болып табылады.

Электрондық ресурстар залы

Тел. 261-02-49

Факс: 261-02-60

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

"Ұлы даланың жеті қыры"


Ruhani zhangyru 001


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

NEW1

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ