Аққан жұлдыздай жарқ етіп, жалған дүниеге жастай қош айтқан, қазақтың әйгілі Шоқаны қысқа ғана ғұмырында соңына сан ғасырға жүк болатын мұра қалдырып кетті. Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында Шоқанның 100-ге жуық қолжазбалары мен мұрағаттары бар. Алтыннан қымбат осынау бағалы бай мұралар туралы Орталық ғылыми кітапхананың қызметкері, ізденіс жолындағы жас маман, PhD докторанты Сымбат Игиликкызы "Халық арнасының" "Тұлғалар тағылымы" бағдарламасында жақсы бір сұқбат берді. Оқырмандар осы сұқбат арқылы ғалым мұраларының қыры мен сырына қызыға түсері даусыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы