Menu

1.Жалпы ережелер

  1. ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы»ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іc-қимыл саласындағы саясаты (бұдан әрі– сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрестің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың басқарушылық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың көрсетілген ережелері ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға, Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықты болдырмаудыңқатаңахуалын қалыптастыруға бағытталған.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат–сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға бағытталған қызмет.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл– Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өз өкілеттіктері шегіндегі қызметі:
  4. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, оның ішінде сыбайлас

жемқорлық себептерін анықтау және кейіннен жою бойынша (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу);

        5. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу,

жолын кесу және ашу бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес).

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ережелері Кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне қолданылады.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты мен міндеттері

1.Сыбайлас жемқорлықты жоққа шығаратын және лауазымдық міндеттерін атқару кезінде адалдық пен сатқындық жасамау қағидаттарын қамтамасыз ететін Кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаты болып табылады.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;

3) Кәсіпорын қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сондай-ақ Кәсіпорынның қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрбиелеу.

1.Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу келесі негізгі шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:

1) Кәсіпорын қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыру жолдары:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалық және өзге де актілерінің нормаларын қызметкерлерге түсіндіру;

- Кәсіпорында және өзге де мемлекеттік органдарда анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Кәсіпорын қызметкерлерінің назарына жеткізу;

- Кәсіпорын қызметкерлерімен түсіндіру әңгімелерін өткізу.

2) Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне, оның ішінде бос лауазымға орналасушы үміткерлергебіліктілік талаптарын қою;

3) кадр жұмысы практикасына лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндеттерін ұзақ, мінсіз және тиімді орындауы, оны жоғары лауазымға тағайындау немесе оны көтермелеу кезінде міндетті түрде ескерілуге тиіс ережені енгізу;

4) Кәсіпорын қызметкерлеріне, сондай-ақ үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әдістермен алаяқтық, теріс пайдалану және басқа да заңсыз іс-әрекеттер жасауға қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы хабарлау құқығын қамтамасыз ету.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Кәсіпорынның біртұтас саясатын жүргізу;

- мемлекеттік органдармен, сыртқы ұйымдармен, сондай-ақ азаматтармен және азаматтық қоғам институттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Кәсіпорынның өзара іс-қимыл тетігін құру;

- Кәсіпорын қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді қатысуға тартуға, олардың санасында сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әкімшілік және өзге де шараларды қабылдау;

- қызмет көрсету кезінде адалдықты, ашықтықты, адал бәсекелестікті және объективтілікті қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қызметкерлері Кәсіпорынның өзге қызметкері, сондай-ақ үшінші тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндіру фактілері туындаған және/немесе Кәсіпорын қызметкерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндіруге қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы ақпараты бар жағдайда Кәсіпорын басшылығына дереу хабарлауға міндетті.

Мұндай іс-әрекеттерді жасау туралы өтініштер тергеп-тексеріледі және қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдарды жауапкершілікке тартуды және хабардар етуді қоса алғанда, өзінің қисынды аяқталуына дейін жеткізілетін болады.

5.Мүдделер қақтығысын алдын алужәне реттеу тәртібі

1. Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:

1) мүдделер қақтығысы туындауының кез келген мүмкіндігіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;

2) туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте өзінің тікелей басшысына хабарлауға;

3) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде өзге де шаралар қабылдауға.

2.Мүдделер қақтығысының алдын алу немесе оны реттеу мүдделер қақтығысының тарабы болып табылатын Кәсіпорын қызметкерінің лауазымдық немесе қызметтік жағдайын, оны белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгенге дейін өзгертуден тұруы мүмкін.

6. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

1.Кәсіпорын қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ



 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ