Menu

Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің«Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының(әрі қарай – Кәсіпорын) осы этика ережелері Халықаралық еңбек ұйымының талаптарын, Жарғыны, корпоративтік басқару Кодексін және Кәсіпорынның өзге де ішкі құжаттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес әзірленген және Кәсіпорынның барлық қызметкерлері басшылыққа алатын ережелер мен қағидаттар жиынтығын білдіреді.
  2. Осы Ереженің мақсаты – Кәсіпорында корпоративті мәдениетті дамыту және мінез-құлықтың озық тәжірибесін қолдану арқылы мүдделі тұлғалармен тиімді өзара әрекеттестіктікті құру.
    1. Кәсіпорын осы Ереженің талаптарын Кәсіпорын қызметкерлерімен, басқа мүдделі тұлғалармен және жалпы қоғаммен қарым-қатынаста, Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері кездесетін стратегиялық маңызды және күнделікті жағдайларда корпоративтік шешімдер қабылдау үшін қабылдайды және ұстанады.
  3. Осы Ережеде келесі ұғымдар мен терминдер қолданылады:

Этика–бұл Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын этикалық қағидалары мен іскерлік мінез-құлық нормаларының жиынтығы;

Лауазымды тұлғалар– бас директор, бас директордың орынбасарлары, басқа да лауазымды тұлғалар...

Мүдделі тұлға–Заңнамада және Жарғыда қарастырылған құқықтарды жүзеге асыратынКәсіпорынның қызметімен байланысты тұлға;

Ережелер – Кәсіпорынның этика ережелері;

Мүдделер қақтығысы– қызметкердің немесе Кәсіпорынның лауазымды тұлғасының жеке мүдделері оның қызметтік міндеттерін әділ орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;

Корпоративтік мәдениет– бұл Кәсіпорынға тән құндылықтар, принциптер, мінез-құлық нормалары мен қатынастар;

Қызметкер– Кәсіпорынмен еңбек қатынастарында тұрған және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын тұлға;

1-ТАРАУ. ЭТИКА ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

1.1Кәсіпорынның негізгі корпоративтік құндылықтары:

  • Меритократия: әр адамның қосқан үлесі мен жетістіктерін бағалаудағы әділеттілік пен объективтілік.
  • Құрмет: топтың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.
  • Адалдық: Кәсіпорын ішіндегі және оның серіктестеріндегі адалдық.
  • Ашықтық: байланыстар мен серіктестерге ашықтық.
  • Топтық рух: бірлескен қызметтен жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін ынтымақтастық.
  • Сенім: өзара көмек және сенім мәдениетін ұстану.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1.2. Кәсіпорынның қызметі этикалық талаптар мен мінез-құлық ережелерін сақтауға негізделген Кәсіпорын мен барлық мүдделі тұлғалардың қарым-қатынасына негізделген. Өзара міндеттемелерді сақтау – сындарлы жұмыстың міндетті шарты.

2-ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

2.1. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері

2.1.1. Кәсіпорынның келесі міндеттемелері:

  • адам құқықтарының сақталуын және құрметтелуін қамтамасыз етеді;
  • оның мүдделі тұлғалармен барлық қарым-қатынастары өзара тиімді болуын қамтамасыз етуге тырысады;
  • қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларына сәйкес өз бетінше білім алуға және кәсіби дамуға ұмтылатын қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін тең жағдайлар жасайды;
  • Кәсіпорын қызметкерлеріне біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай еңбегі үшін сыйақы төлеуді қамтамасыз етеді;
  • нәсілдік, діни, этникалық, жыныстық, жас, саяси және басқа белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермейді;
  • кадрларды іріктеу және жоғарылату тек кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес, кәсіби қабілеттерін, білімі мен дағдыларын ескере отырып жүзеге асырылады;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды, сондай-ақ қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды;
  • заңнамамен және Кәсіпорынның ішкі құжаттарымен белгіленген шекте құпия ақпараттың жария етілмеуін қамтамасыз етеді;
  • жанжалдар туындаған жағдайда Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арасында ашық және сенімді сұхбат үшін жағдай жасайды,еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу/болдырмау жөнінде алдын алу шараларын қабылдайды, медиация рәсімдерін қолданады;
  • іске асырылуы Кәсіпорын үшін оң әсер ететін қызметкерлердің бастамашыл идеялары мен ұсыныстарын бағалайды және қолдайды;
  • барлығына бірдей мүмкіндіктерді міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, заңды негізден басқа, жекелеген лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге қандай да бір артықшылықтар мен жеңілдіктер беруге жол бермейді;
  • осы процестің кез келген сатысында, лауазымды тұлғадан шешім қабылдайтын кез-келген қызметкерге дейін мүдделер қақтығысынсыз шешімдер қабылдау үшін жауапты болады.
  • лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағына да, шетелге де (жалғыз акционердің келісімі бойынша) іссапарға жіберілуі мүмкін.

2.3. Мемлекеттік органдар

2.3.1. Кәсіпорынның мемлекеттік органдармен өзара әрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Жарғыға, осы Ережеге және Кәсіпорынның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес, тараптардың тәуелсіздігі негізінде, мемлекеттік органдар тарапынан да, Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан да сыбайлас жемқорлық және құқыққа қарсы басқа да іс-әрекеттерге жол бермеу қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады.

3-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1 Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері міндетті:

  • мемлекеттік рәміздерге – Мемлекеттік Туға, Елтаңбаға, Мемлекеттік Әнұранға құрметпен қарауға;
  • корпоративтік рәміздерге құрметпен қарауға;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
  • сыпайы және әдепті болуға;
  • немқұрайлылық пен дөрекілікке төзбеуге;
  • әріптестеріне қолдау және көмек көрсетуге;
  • көмек көрсеткені үшін,тіпті егер ол толық көрсетілмесе де әрдайым ауызша алғыс айтуға;

3.2Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері келесі міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады:

  • осы Ережелерде белгіленген этика талаптары мен мінез-құлық ережелерін мұқият зерделеу, түсіну және адал ұстану;
  • өзінің лауазымдық функциялары мен міндеттерін адал, кәсіби, тиімді және бейтарап орындау;
  • мәртебесі мен лауазымына қарамастан өзіне алған міндеттемелері үшін жауапты болу;
  • этика мен мінез-құлық қағидаларын бұзу мәселелері бойынша тергеу жүргізу кезінде жәрдем көрсету;
  • басқа жеке және заңды тұлғаларға олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін, ар-намысын, қадір-қасиетін және беделін қорғау жөніндегі сот талқылауына оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер арқылы тікелей немесе жанама түрде сипаттама бермеу;
  • Ереженің талаптарына сәйкес келетін басқару шешімдерін қабылдау;
  • Ереже талаптарын ұстанудың жеке үлгісін көрсету;
  • бағынысты адамдар арасында ұжымдық рухты қалыптастыруға, жалпы миссиямен, Кәсіпорынның құндылықтары мен принциптерімен біріктірілгентоптынығайтуға уақыт бөлуге;
  • бағыныстыларға ақыл-кеңес беру және үйрету;
  • шешім қабылдау кезінде ашықтық және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алу қажет;
  • құпиялылық нормаларын бұзбай және Кәсіпорынның шешімдері мен ішкі құжаттарын ескере отырып, шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;
  • Кәсіпорын қызметкерлері этика талаптары мен мінез-құлық ережелерін сақтамауға алаңдаушылық білдіретін мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Этика талаптары мен мінез-құлық ережелерін ұстанудың жеке мысалын кеңейту;
  • еңбек тәртібін сақтау;
  • жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
  • мүлкіне ұқыпты қарау;
  • жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы хабарлау;
  • еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
  • Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте жұмыс берушіге келтірілген залалды өтеу;
  • өтініштерге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарына уақытылы ден қою;
  • салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, оның ішінде зейнетақы қорларын, сонымен қатар университет қызметкерлерінің жалақысын уақтылы төлеу бойынша шаралар қабылдау;
  • өз құзыреті шегінде Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
  • өз қызметінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлық заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
  • өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтауды қамтамасыз ету;
  • ғылыми зерттеулерде және өз қызметінде академиялық тұтастық пен академиялық саясаттың айқын, әділетті және объективті принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • ғылыми салада академиялық тұтастықты, академиялық саясат нормаларын ілгерілетуді және қорғауды қамтамасыз ету;
  • ғылыми қызметкерлерге жүктелген, оның ішінде академиялық адалдық қағидаттары мен академиялық саясат нормаларына негізделген міндеттемелерді адал орындауды қамтамасыз ету;
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің академиялық тұтастық принциптері мен ғылыми саладағы академиялық саясат нормаларын бұзғаны үшін жауаптылығын қамтамасыз ету;
  • өзара құрмет пен әділеттілікке негізделген академиялық адалдық қағидаттарын және ғылыми саладағы академиялық саясат нормаларын сіңіретін Кәсіпорын қызметкерлерінің жоғары жауапкершілігін қамтамасыз ету;
  • қызметкерлерді жұмысқа конкурстық бәсекелестік іріктеу рәсімі кезінде айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету және Кәсіпорынның кадр саясатындағы рәсімдердің ашықтығын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Кәсіпорында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қатаң түрде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету;
  • қоғам алдында, оның ішінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражатты, сондай-ақ кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жұмсау жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу;
  • Кәсіпорынның ресми интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тарифтер мен штат кестесінің жариялануын қамтамасыз ету;
  • қызметтік құпияны жарияламау, сондай-ақ қызметтік ақпараттың жария етілмеуі үшін шаралар қабылдау;
  • жұмыс берушімен қызметтік іссапарлар, жоғары органдарға өтініштер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар туралы жазбаша түрде келісу.

4-ТАРАУ. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

4.1.Корпоративтік мәдениет

4.1.1Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері этика ережелерінің талаптарын түсініп, басқа әріптестерімен Этика ережелері, қабылданған іскерлік мінез-құлық ережелері саласындағы білімдерін бөлісе отырып, этика талаптарын сақтай отырып және бұзушылықтардың алдын ала отырып, кәсіпорындағы корпоративтік мәдениеттің дамуына үлес қосуы керек.

4.1.2. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері корпоративтік рухты қалыптастырып, Кодексталаптарының сақталуын келесі тәсілдермен ұстауы керек:

  • қол астындағы адамдармен жеке түсіндіру кездесулері;
  • жеке мысал, яғни өз мінез-құлқын қызметкерлерге үлгі ретінде пайдалану;
  • талаптарды сақтау – жұмыс орнындағы тиімділіктің міндетті факторы екенін жалпы түсінуді қамтамасыз ету.

4.1.3.Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде іскерлік киім үлгісін ұстануға міндетті.

4.1.4.Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері келіссөздер кезінде дұрыс және құрметпен сөйлесуі керек.

4.1.5. Кәсіпорынныңның барлық қызметкерлері корпоративтік ойын-сауық немесе спорттық шараларға қатыса алады. Сондай-ақ қызметкерлер арасында корпоративтік рухты арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу туралы ұсыныстарды өздері жасай алады.

4.1.6. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері кәсіпорынның құжат айналымы туралы ережелерін сақтауға және барлық қажетті құжаттарды тәртіпте сақтауға міндетті. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері өз жұмыс орындарын ұқыпты және жинақы ұстауы керек.

4.2. Жұртшылықпен байланыс

4.2.1. Кәсіпорын қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынаста жоғары этикалық стандарттардың сақталуын бақылайды. Кәсіпорын басшы қызметкерлердің көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде, өзінің ақпараттық-жарнамалық материалдарында немесе жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқа да іс-шараларда дәйексіз ақпаратты таратуға, фактілерді жасыруға және/немесе бұрмалауға жол бермейді.

4.2.2.Кәсіпорынның оқиғаларына көпшілік алдында сөйлеу, түсініктеме беру немесе бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде Кәсіпорын атынан қандай-да бір мәлімдеме жасау құқығы тек уәкілетті лауазымды адамдар мен кәсіпорынның қызметкерлері ғана құқылы, бұл ретте қоғамдық мәлімдемелерді басқару органымен келісуге құқылы.

4.2.3. Кәсіпорын атынан сөз сөйлеген кезде қызметкерлер жалпыға бірдей қабылданған кәсіби мінез-құлық және этика нормаларын сақтауға, тек сенімді ақпаратты таратуға міндетті, сондай-ақ әлеуметтік, нәсілдік және этникалық араздықты тудыратын ақпараттың таралуына жол бермейді.

4.2.3.Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жалпы Кәсіпорынның қызметіне қатысты өз пікірін ашық білдірмеуі керек, егер ол:

  • Кәсіпорынның негізгі қызметіне сәйкес келмесе;
  • Кәсіпорынның қызметтік ақпаратын ашатын болса;
  • Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына жолданған әдепсіз мәлімдемелерден тұрса.

4.3. Бақылау шаралары

4.3.1. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Ережелердің талаптарын қатаң сақтауға және Кәсіпорын талаптарының бұзылғаны туралы хабарлауға міндетті.

4.3.2. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін негізгі құндылықтар мен этика принциптерін ескере отырып, іскерлік шешімдер қабылдайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауап береді.

4.3.3. Кәсіпорынның тиісті қызметкерлері, өз құзыретіне сәйкес, этика талаптарын бұзумен байланысты мәселелерге:

  • жағдайды түзету және кемшіліктерді жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен тиімді тәртіптік шараларды қабылдау/ұсыну;
  • қажеттімәліметтерді ұсына отырып, Кәсіпорынның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен/органдарымен консультация өткізу.

Бұл әрекеттер Кәсіпорындардың ішкі тәртібіне сәйкес жасалуы керек.

4.3.4. Кәсіпорын ережелерді ашық талқылауға дайын қызметкерлерді көтермелейді және оны жетілдіру бойынша кез-келген сындарлы ұсыныстарды оң қабылдайды.

4.3.5. Ережелердің талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты, сондай-ақ Ережелердің талаптарын бұзушылық фактілері, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы сұрақтар бойынша Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, сонымен қатар іскерлік серіктестер мен мүдделі тұлғалар хабарласуға құқылы:

  • тікелей басшыға, этика жөніндегі уәкілге;
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің бекітілген этикалық талаптарын бұзу жағдайлары анықталған жағдайда, шешім қабылдау үшін материалдар кәсіпорынның кадр қызметінің қарауына жіберіледі.

5-ТАРАУ. ЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢКӘСІПОРНЫ

5.1. Этика жөніндегі уәкілдің құқықтары мен міндеттері

  • Этика жөніндегі уәкілді Кәсіпорынның Бас директоры екі жылда 1 рет тағайындайды.
  • Этика жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары Ереженің қағидаларын сақтамау туралы ақпарат жинау, қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларға Ереже қағидалары туралы кеңес беру, Ереже қағидаларын бұзу туралы дауларға бастамашылық жасау және қатысу болып табылады.

5.2.Этика жөніндегі уәкіл құқылы:

  • келіп түскен өтініштер негізінде де, өз бастамасы бойынша да Ережелердің бұзылуын анықтау бойынша рәсімдерді жүргізуге бастамашылық етуге;
  • Ережелерді сақтамау мәселелері бойынша қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға жеке жүгінуге;
  • қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға Ереженің қағидаларын түсіндіруге және түсініктеме беруге.

5.3. Этика жөніндегі уәкіл міндетті:

  • Ережелерді бұзу мәселелері бойынша дауларды қарау рәсімдерін жүргізу кезеңінде, осындай істерді қарауға бастамашылық ету себебінен оларды мәжбүрлеп жұмыстан шығару жағдайлары туындаған жағдайда қызметкерлерді қорғауды (еңбек заңнамасында белгіленген рәсімдер шеңберінде) қамтамасыз ету;
  • Ережелерді сақтамауға қатысты мәселелерді қарауға қатысу;
  • қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ іскер серіктестер мен мүдделі тұлғалардың Ереже қағидаларын сақтамау мәселелері бойынша өтініштерінің есебін жүргізу;
  • 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кәсіпорын қызметкерлеріне олар жүгінген жағдайда Ереже қағидаларына түсіндірме беру;
  • ережелерді сақтамау мәселелері бойынша дауларды қарастыруда тәуелсіздік пен бейтараптықты сақтау;
  • ереже қағидакларын бұзу фактісі бойынша жүгінген қызметкердің, лауазымды тұлғаның (анонимді болуға тілек білдірген жағдайда) анонимділігін қамтамасыз ету.

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ

6.1. Кәсіпорын осы Ережелердің талаптарын өзектендіру және жетілдіру мақсатында қайта қарайды және жетілдіреді, олардың тәжірибеде қаншалықты дәрежеде іске асырылатынын талдайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда мүдделі тұлғалардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып, оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.

6.2. Ережелерді жүзеге асыруды іс жүзінде қолдану үшін қажет болатын ұсынымдар белгіленген тәртіпте Кәсіпорын Басқармасының қарауына ұсынылуы және бекітілуі мүмкін.

7-ТАРАУ. ЖАУАПКЕРШІЛІК

7.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, еңбек шартына, осы Ережеге, сондай-ақ жұмыс беруші айқындайтын шешімдер мен актілерге сәйкес жауапты болады.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ



 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ