Menu

Halifa AltayХалифа Алтай 1917 жылы 25 желтоқсан Шығыс Түркістанның Алтай өңірінің Шіңгіл ауданында дүниеге келген дін және қоғам қайраткері, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Алғаш сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 - 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған. 1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 жылы Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды.

Толығырақ...

2017 жылдың наурыз айының 29-да Батыс Қазақстан облыстық газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Жайык Пресс»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде жарық көрген кітаптардың таныстырылымы, тұсау кесер рәсімін өткізді. 2016 жылыдың 7 қыркүйегінде «Қазақстандағы және оның батыс өлкесіндегі қазақ баспасөзінің дамуын, алғышарттарын, сол кездегі қоғамда қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалды, баспасөз ісі маңында жүрген тарихи тұлғалардың өмірбаянын, қоғамдық-саяси қызметін бірлесе зерттеу» мақсатында жасалған әріптестік меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум нәтижесінде бірнеше жұмыстар атқарылды, жұмыс нәтижесімен бөлісіп, ғалымдармен ақылдасу, пікір алмасу мақсатында Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімі дөңгелек үстел ұйымдастырды.

                                    

 

Толығырақ...

      2017 жылы 12-20 сәуір аралығында Ғылым қызметкерлері күніне арналған Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институтында «Ғылыми еңбектер» атты кітап көрмесі қойылды.

      Көрмеге институт ғалымдары мен қатар жоғары оқу орындарының қызметкерлері (аль-Фараби атындағы ҚазҰУ–дың, ҚБТУ), профессорлар мен магистранттар келіп кітап көрмесіне қызығушылық танытты.

              

 


 

«Алтай Халифа Ғақыпұлы: Биобиблиографиялық көрсеткіш» кітабы өндіріске дайын.

2017 жылы мұсылман әлеміне кеңінен танымал дінтанушы-ғалым Халифа Ғақыпұлы Алтайдың туғанына 100 жыл толады.

Биобиблиография қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде және төте жазуда жарық көреді.

Бұл басылым Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының делегаттарына арналған, кітаптың тұсаукесері 24 маусым күні Астана қаласында өтеді.  

Биобиблиографияны дайындаған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қоры, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ғалымдары және қызметкерлері.

 


 

2017 жылдың 22-25 маусымы күндері Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың қатысымен Астанада Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы болып өтті. Құрылтайға алыс және жақын шетелдердің 39 елінен қонақтар, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, ғылым және білім, мәдениет пен спорт т. б. еңбек салаларынан делегаттар қатысты.

«Ұлттың ұлы жиыны» болған осы маңызды үлкен іс-шараға арнап «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы «Әлем қазақтарының Құрылтайы: қазақ диаспорасының бірлігі және тарихи отанымен байланысы» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды.

 

1. Дүниежүзі қазақтарының  V Құрылтайы

 2. Халифа Алтай Ғақыпұлының туғанына - 100 жыл

 

                                 

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Халықаралық инженерлік академиясының және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ғылым және техника саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының бейбітшілік және келісім Кеңес Қорының президенті Құлыбаев Асқар Алтынбекұлының 80 жасқа толу мерейтойына арналған «XXI ғасырдың жаңа құрылыс трендтері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына кітап көрмесін ұйымдастырды.

Толығырақ...

Ushkoltay2017 жылы шілде айының 20 күні ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімі мен ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы бірігіп, Алаш қозғалысының 100 жылдығына және белгілі библиограф Ү.Субханбердинаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Үшкөлтай Субханбердина және Алаш баспасөзі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге құрметті ағамыз Мақсұт Шафиғи, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, Үшкөлтай апайдың туыстары және ОҒК қызметкерлері қатысты.

 

                            


          9book ҮШКӨЛТАЙ ХАСЕНҚЫЗЫ СУБХАНБЕРДИНА (презентация)

          icon video  АЛМАТЫДА «ҮШКӨЛТАЙ СУБХАНБЕРДИНА ЖӘНЕ АЛАШ БАСПАСӨЗІ» АТТЫ БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРДЫҢ БАСҚОСУЫ ӨТТІ ("Қазақстан" Ұлттық телеарнасы)


 

Толығырақ...

Қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогияғылымдарының докторы, ҚазССР Ғылым академиясының Президенті, Қаныш Сәтбаевтың ғылыми жолын жалғастырушы академик Шахмардан Есеновтың туғанына 90 жыл толып отыр. Ғалымның мерейтойына арналған конференциялар ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындарында да аталып өтуде.

Шахмардан Есенов Қазақстан ғылымын көтеруге, ғылымның қара шаңырағы Ғылым академиясының өсіп-дамуына көп еңбек сіңірді, барлық күш жігерін жұмсады.Ғылым мен өндірісті тығыз байланыста ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі мен белсенді қоғам қайраткерлігі оны республика дәрежесіндегі тұлға ретінде қалыптастырады.

Толығырақ...

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo