Д.В. Сокольский атындағы «Жанармай, катализ және электрохимия» институтында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Астананың 20 жылдығына арналған "Астана - Ұлы дала Елордасы" атты тақырыптық көрме ұйымдастырды. Институт қызметкерлері, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің студенттері көріп, қызығушылық танытты.