27 маусым М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен "М.О. Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығында әдебиеттанушы-ғалым, әдебиет теоретигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Зәки Аxметовтың туғанына 90 жыл толуына орай "Академик З.Аxметов және Абайтану мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Іс-шара барысында, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі У.Қалижанов "Академик З.Аxметовтың абайтану әліппесі", филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзаxметұлы "Зәки Аxметов туралы сөз", Халықаралық Тұран академиясының академигі Қ.Сейданов "Кең тынысты, кемеңгер ғалым", Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Ж. Дәдебаев "Академик Зәки Аxметов тағылымы", филология ғылымдарының докторы, профессор А.С. Ісімақова "Академик З.Аxметовтың абайтанулық ұстанымы" атты баяндамаларын оқып, "Өнегелі өмір" сериясы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің "Қазақ университеті" баспасы шығарған "Зәки Аxметов" кітабының тұсауы кесілді. Шара соңында академиктің жұбайы Зия Насырқызы қорытынды сөз сөйлеп, ғалымдарға, баяндама жасаған баяндамашыларға, келген қонақтарға, алғысын білдірді.

Атаулы іс-шараға "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапxанасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден Зәки Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді, оның мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалаларын және редакциясымен шыққан әдебиеттерді көре аласыздар.