«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы наурыз мерекесіне арналған «Тәуелсіз мемлекет, жаңарған салт-дәстүр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмедегі «Наурызнама», «Алтыбақан», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына», «Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін» кітаптарымен бірге мерзімді басылымдар бетіндегі мол мағлұматтар өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ.

Кітап көрмесі қазақтың салт–дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, дархан дастарханы, ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, қазақтың дәстүрлі қару-жарағы, музыкалық аспаптары, зергерлік өнері, ұлттық ойындары жайлы сыр шертеді.