2017 жылдың 8 желтоқсанында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» атты Республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан халқының киелі мәдениеті мен географиясы ескерткіштерінің ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан зерттелуі туралы өзекті мәселелер талқыланды.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Республикалық дөңгелек үстелге арнап «Қасиетті Қазақстан нысандары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеде «Қазақстанның киелі жерлер географиясы», «Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері», «Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер», «Орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары», «Діни және ғибадат орындары» және «Тарихи тұлғаларға арналған киелі орындар» туралы ғылыми басылымдар ұсынылды.