Филология ғылымдарының докторы, ҚазССР Ғылым академиясының  корреспондент-мүшесі  

ҒАЙНЕТДИН  МҰСАБАЕВТЫҢ туғанына 110 жыл 

      Қазақ тілінің морфологиясын зерттеуші алғашқы ғалымдардың  бірі филология ғылымдарының  докторы, ҚазССР Ғылым академиясының  корреспондент-мүшесі   Ғайнетдин Мұсабаевтың туғанына 110 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге арнап Орталық ғылыми кітапхана ғалым еңбектерінің кітап көрмесін ұйымдастырды.

     Профессор  Ғ. Мұсабаевтың  ғылыми шығармашылығы сан салалы, ол алғашқылардың бірі болып қазақ әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, тарихи лексикография, лексика,этимология және диалектология  туралы ойлы пікірлер айтты. Ғалым  қазақша-ор­ысша, орысша-қазақша сөздіктердің жа­рық көруіне өзі тікелей бас­шы­лық жасады, құрастырушы авторлар қатарында болды. Ғ.Мұсабаев ғылыми-зерт­теу жұмыстарын жүргізумен бір­ге мектеп оқулықтарын жазуға да белсене қатысқан ғалым­дардың бірі.