Халықаралық музейлер кеңесінің (IСOM) ұсынысы бойынша 1977 жылдан бері әлемнің 150 елінде музейлер күні аталып өтіп келеді. Қазақстанда бүгінгі күні статистика жөніндегі комитеттің мәліметі бойынша 238 музей халыққа қызмет етеді.

         Осы мерекелік іс-шараға байланысты «Ғылым ордасы» музейлері де салтанатты жиын өткізді. Бұл жиынға қала музейлерінің қызметкерлері, ғалымдар, Қазақстандағы шетелдік мәдени орталықтардың  қызметкерлері қатысты.

         Халықаралық музейлер күніне арнап Орталық ғылыми кітапхана тақырыпқа байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге музейтануға байланысты ғылыми кітаптар, Қазақстан, әлем музейлері туралы кітаптар мен альбомдар, Лувр, Прадо, Венаның өнер тарихы музейі, Берлиндегі мемлекеттік музейлер, Метрополитен, Эрмитаж және т.б. шетелдік музейлер туралы көптеген материалдар ұсынылды.