2018 жылдың 17 сәуірінде "М.О. Әуезов үйі" ғылыми мәдени орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, белгілі қоғам қайраткері, журналист, публицист жазушы, әдебиетші ғалым, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұловтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Соған байланысты "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапxанасы Ж.Ысмағұловтың шығармашылығы бойынша кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеде Ж.Ысмағұловтың өмір жолы, ғылыми еңбектері мен Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Ахтанов, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, т.б. ақын-жазушылар шығармалары жайында жазған әдеби-сын толғаулары мен мақалалары, сондай-ақ ол тәржімалаған О.Бальзактың “Үзілген үміттер”, “Жергілікті дәрігер”, А.Стендальдың “Қызыл мен қара”, В.Вересаевтың “Тығырықта”, Пауло Коэльоның “Заир”, Ю.Бондаревтың “Жағалау” және “Таңдау”, В.Анчишкиннің “Арктика аңызы” В.Дальдің “Бөкей мен Мәулене”, Э.Казакевичтің “Көк дәптер” атты аудармалары қонақтар назарына ұсынылды.

                      

                        

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo