85 жыл

Astana korme2016 жылдың 26-27 қыркүйегінде Астана қаласындағы ҚР Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен «Ғылым, технологиялар және инновациялар» мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумына «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасының сирек қорынан «Сирек ғылыми кітаптар»  көрмесі қойылды.

Көрмеге 50 дана кітаптар мен қолжазбалар төрт бағыт бойынша қойылды:

1. Қолжазбалар;

2. Ғылыми басылымдар (жаратылыстану ғылымдары бағытында);

3. Автор шығармаларының көзі тірісінде баспадан шыққан еңбектері;

4. Шетелтілдеріндегі сирек басылымдар.