Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлин 1929 жылы 18 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ақтөбеде Байғанин атындағы мұғалімдер институтының Орыс тілі мен әдебиеті факультетін және Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтты үздік бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша мұғалімдік қызмет атқарды.

1951-1954  жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасында оқып, көп ұзамай «Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Араға біраз жыл салып 1969 жылы «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиетінің даму жолдары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғалымның отыз жылдай өмірі ҚР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шаңырағында өтті. Ол бірнеше монография мен көптеген ғылыми мақалалардың авторы. 1983 жылы ҚР ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. Ә. Дербісәлин ғылыми ортаға, зиялы қауымға Ыбырай Алтынсарин мұрасын түбегейлі зерттеген ғалым ретінде танылды. Жазушы өмірі мен қызметін зерттеген еңбектері әр жылдары орыс, қазақ тілдерінде жарық көрді.

Ә.Ж. Дербісәлин республикалық білім беру, ғылыми кадрлар даярлау саласына да көп еңбек сіңірді. Ол көптеген ғылыми кітаптардың жауапты редакторы, 6 томдық академиялық «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінің, 12 томдық Қазақ совет энциклопедиясының негізгі авторларының бірі болды.

2019 жылдың 22 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиеттанушы ғалымның туғанына 90 жыл толуына арналған «Әдебиеттанушы-ғалым Әнуәр Дербісәлиннің ғылыми мұрасы рухани жаңғыру контексінде» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Осы мерейтойлық іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден ғалымның азаматтық болмысы мен ғалымдық парасаты туралы жазылған естеліктер, замандастарымен бірге түскен суреттерін, ғылыми еңбектерін көріп таныса аласыздар. Аталған іс-шараға ғалымдар, өнер қайраткерлері, Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ғалым есімімен аталатын мектептен қонақтар қатысып өз естеліктерін жеткізді.

                 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40